Жаңалықтар

Отандық мергендер әлем кубогының алтынына таласады

Отандық мергендер әлем кубогының алтынына таласады
Фото: Olympic.kz 03.05.2024 00:34 577

Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем кубогі кезеңінде Қазақстан командасы финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Эльдар Иманқұлов пен Валерия Попелова жұбы тапаншамен 10 метрлік нысана көздеуден 578 ұпай жинап, ақтық сынға жолдама алды. Олар ертең Түркия құрамасымен бірге алтын медальді сарапқа салады. 

Команда бас бапкері Ольга Довгунның айтуынша, аталған жаттығу Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген. Алайда, біздің спортшылар лицензиялық жарыста көзге түсе алмады. 

Бұл жаттығуда лицензия тек бір ғана жарыста берілді. Егер тапаншамен атудан бір елден ер адам да, әйел адам да жолдама алса, олар Олимпиадада аралас жұптық сында өнер көрсете алады. Өкінішке қарай, бізде бұл жаттығудан лицензия жоқ. Валерий Рахымжанға үш рет мүмкіндік берілді. Ол үшеуінде де бесінші орыннан аса алмады. Ирина Юнусметованың да жағдайы тура осындай. Екеуі де финалға жиі шығады, бірақ медальға қол жеткізе алмай жатыр. Эльдар мен Валерия өте жақсы спортшылар. Түркиямен алтын үшін таласады. Алтын алуды көздейтіндері анық, - деді Довгун.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға