Жаңалықтар

Атырауда мектеп оқушысы АҚШ-тағы 6 университеттен оқуға шақырту алды

Атырауда мектеп оқушысы АҚШ-тағы 6 университеттен оқуға шақырту алды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 03.05.2024 05:28 514

Атырауда NIS мектебінің 12-сынып оқушысы АҚШ-тағы 6 университеттен музыкалық индустрия бағытында білім алуға шақырту алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Атыраулық жас өрен Әмина Құрбанова NIS мектебінің 12-сыныбында оқиды. Оның вокалдық қабілетіне Американың Berklee College of Music, Drexel University, University of the Pacifi, Appalachian State University, Loyola University New Orleans, University of Hartford секілді жоғары оқу орындары қызығушылық танытып отыр.

Ән әлеміне қызығушылығым хорға қатысудан бастау алды. Алғашқыда хорда ән айттым. Кейін жеке айту үшін арнайы дәріс алуды бастадым. Содан бері вокал менің шығармашылығыма айналды. Биыл мектепті бітіремін. Соған байланысты мамандық таңдайтын сәт жақындағанда, ұзақ ойландым. Көп ізденістен кейін музыка индустриясындағы бизнес және менеджмент бойынша бакалавр бағдарламасын таптым. Кейін бұл өте жақсы таңдау екенін түсіндім. Өйткені бұл бағдарламамен музыка мен қаржы, бизнес және тағы басқа салаларда академиялық білімді біріктіруге мүкіндік береді, - дейді Әмина Құрбанова.

Атыраудағы химия-биология бағытындағы NIS зияткерлік мектебі басшыларының мәліметінше, білім ордасын бітірген 15 түлек шетелдерде жоғары білім алып жүр. Ал, биыл 12 түлекке шетелдің университеттерінен шақыру келген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға