Жаңалықтар

Қазақстандық 12 теннисші әлемдік рейтингте жоғарылады

Қазақстандық 12 теннисші әлемдік рейтингте жоғарылады
Фото: ҚР ҰОК 17.05.2024 01:19 547

Қазақстандық жас теннисшілер ITF (Халықаралық теннис федерациясы), TE (Еуропа теннисі) және ATF (Азия теннис федерациясы) жасөспірімдер рейтингінде жоғары көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ҰОК мәліметінше, Әмір Омарханов 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors рейтингісінде бұрынғыша 14-орында тұр. Даниал Рахматуллаев - 73, қыздар арасында Соня Жиенбаева - 29, Асылжан Арыстанбекова 40-сатыда.

Tennis Europe рейтингісінде 14 жасқа дейінгілер арасында Родион Трайгель - 28, Роберт Каминский - 33, Аңсар Ниетқалиев - 81, Ахмади Маханов - 83, қыздардан Линара Бөлешева - 60, Руслана Русланова 95-сатыға жайғасты.

ATF рейтингінде 16 жасқа дейінгілер арасында Айша Сайран көш бастаса, Аделина Маманфина екінші орында келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға