Жаңалықтар

«Бұл маркетинг секілді». Оқырмандар Асқар Ілиясов пен Айя Шалқардың айырылысқанына күмән келтірді

«Бұл маркетинг секілді». Оқырмандар Асқар Ілиясов пен Айя Шалқардың айырылысқанына күмән келтірді
Фото: Асқар Ілиясовтың жеке парақшасынан 17.05.2024 04:12 518

​Қазақстандық актер Асқар Ілиясов Instagram-да жаңа қойылымды жарнамалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ал оқырман қауым бұл жазбаның басқа бір мағынасы бар деп санайды.

Ақ-қара түсті суреттерде Асқарға қарама-қарсы бетте актриса Айсұлу Әзімбаева отыр. Алдымен екеуара талқылау асүйде өтіп, сонан соң әңгіменің басқа бөлмеде жалғасқанын көруге болады.

Бір-бірін түсінудің жаңа жолдарын іздеген еркек пен әйел туралы спектакльден кадрлар, - деп жазды Ілиясов.

Оқырман осыдан соң түрлі болжам жасаған. Біреулер оның Айя Шалқармен айырылысуының себебі осы қойылымда көрсетіледі деп топшылайды. Енді бірінің пікірі мұның бәрі осы қойылымның жарнамасы дегенге саяды.

«Астарлы әзіл», «Сторис жариялағаны сол-ақ екен», «Бұл маркетинг болған тәрізді», «Спектакльді асыға күтеміз», «Асқар өте мәдениетті, керемет актер деп ойлаймын. Ақылды қыз жолығады деп үміттенемін», - деп жазды.

Естеріңізде болса, бір апта бұрын Айяның абьюзерлік айыптауларынан кейін Асқар оған бұл жайтты көпшілік алдында талқылап, шешіп алу туралы ұсыныс жасаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға