Петропавлда ҚХА мүшелері бесінші жыл қатарынан «Ұлт рухы» спорттық жобасына қатысуда

17.01.2020 368

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бірнеше рет қоғамның назарын елдегі спортты дамытуға аударғаны белгілі.


Спорт тек денсаулықты сақтап қана қоймай, сонымен қатар Рухтың күшін, жеңіске деген ұмтылысын нығайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық Достық үйі.


5 жыл бойы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділеріне, құрылымдық бөлімшелердің өкілдері мен жастарға «Ұлт рухы» жобасы аясында спорттық акция ұйымдастырады. Аталмыш шара салауатты өмір салтын насихаттауға, жұртшылықты спортпен айналысуға тартуға бағытталған.


Петропавл қаласында көптеген спорттық секциялар, жаттығу залдары, фитнес-алаңдары бар. Бірақ Борки кентіндегі шаңғы базасы нағыз игілік көзі болып табылады. Ол қажетті жабдықтармен жабдықталған. Дәл осы жерде солтүстікқазақстандық жеңімпаз-спортшылар жаттығады!


Осылайша, өткен сәрсенбіде Ассамблея өкілдері осы шаңғы базасына барып, шаңғымен сырғанау, скандинав жүруімен, таза ауада серуендеуімен айналысты. Бірақ, ең бастысы, бұл – қарым-қатынас орнату, ұжымды біріктіру. Спорттық акцияға Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының белсенділері – аға буын өкілдері, жастар, еріктілер қатысты.

Ұқсас материалдар