Атырауда түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктірген мерекелік кеш өтті

23.12.2019 281

Атырауда халықтар арасындағы достықты дәріптеген «Светоч» этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Цвети, Земля, моя!» тақырыбындағы есептік концерт өтті.


Түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктірген мерекелік кеште қазақ, орыс, украин, славян тілдерінде әндер шырқалып, «Русская душа», «Уралдэнс» дуэтінің поппури әндері мен «Шаттық», «Уралочка», «Горлица» ансамбльдерінің орындауындағы әсем әуендер, «Арабеск», «Тропикана» би мектептері бишілерінің мың бұралған билері кештің сәнін арттыра түсті.

Осындай әдемі кешке жиналған көпшілік, қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік шарадан жақсы әсер алып қайтты, дейді шара ұйымдастырушылары.


Ұқсас материалдар