Жаңалықтар

«Жаңа төңкеріс»

«Жаңа төңкеріс»
28.08.2014 05:47 2792

Əуелі «жаңа төңкеріс» жайынан сөйлелік. Қазақстанда жаңа төңкеріс жасалық деген кім; Қаулының қандай жерінде жазылған екен? Егер жазылмаған болса, бұл əңгіме не жайынан шығып отыр? Пленумда қандай жаңа төңкеріс жайынан сөйленген? Əңгімені түсінікті қылу үшін 1923 жылы үшінші партия конференциясында Байнштейн жолдастың сөйлеген сөзінен тарихи бір мысал көрсетелік.

Байнштейн жолдас қандай жаңа төңкеріс жасауды ұсынып еді? Өзінің баяндамасында оның айтқаны: ұйым мен қала, поселке арасындағы қатынастың нашарлығы, ауыл кедейлерінің жем болып келе жатқаны, ауылдағы жұмыстың орасан нашар- лығы еді. Ол: «Біздің ұяларда тізгінді қолға алып отыр- ғандар көбінесе бай жағының адамдары, олардың тілегі, əлгі декреттердің іске аспауы деген еді». (3 партия конференциясының есебі, 126-бет).

1.Қалың бұқарамен қатынасты оңдау, оларды кеңес құрылысына көбірек қатыстыру;

2. Жұмыскер мен шала жалшы қазақ арасында жұмыс ретін дұрыс қою, байдың малын алып, кедейдің пайдасына беру – кедей қолындағы байдың малын кедейге қалдыру;

3.Салықты түгел байдан алып, кедейді жерге орналасты- ру жұмысын ұстау. Соңғы екі ұсыныс қабылданбаған. Бірақ, баяндама бойынша күрделі тезистер қабылданған, ол тезистер ұзақ уақыттық жұмыстың жөнін көрсеткен еді. Ол тезистердің іс жүзінде күні бүгінге шейін маңызы бар. Əйткенмен де конференция мынадай тезисті қабыл алған:

«Қалың қазақ еңбекшілері арасындағы түк жұмыс істелмегеніне партия бұдан былай айырықша көңіл бөлуі керек. Қазақ арасындағы партия негізі – жалшы, малай қазақ кедейлерін меңгеріп, əкету жөнінде бар күшті жұмсап, батыл қимылдау керек. (27-208-бет)». Байнштейннің «мерт» болуы осылай еді. Қазір Байнштейн төңкеріс жасауды ұсынды деген сөз дұрыс емес. Оның ұсынғаны істейтін шаралардың жүйесі еді, оның біразын күні бүгін өзіміз жүзеге асырып отырмыз. Голощекин жолдастың «Октябрь жолымен өту» дегені де төңкеріс жайынан сөз қылуға себеп болған сықылды, мұны да неше түрлі шаралардың желісі, мұның біразы ұйғарылған, біразы жүзеге асырылып отырған. Бұдан кейін де асырылатын шаралар деп ұғыну керек еді. Оның өз айтуы дəл былай:

Осы мəселелердің бəрін де Кеңес үкіметінің ауылда (А.Б.) құрылыс əдістері, ру арасының жайын ескере білу, ауылға қалай жанасу мəселесі оп-оңай шешіле қалатын нəрселер емес. Өзбекстан жер өзгерісін өткізгенде ғана, бір реттен ок- тябрь жолымен өткенде ғана, Кеңес үкіметін күшейтіп отыр. (Пленумдағы Голощекин жолдастың сөзі).

Жаңа төңкеріс туралы сөйлесуге бұл дəлел бола ала ма? Біздің білуімізше дəлел бола алмаса керек. Əңгіме өзгеріс жайынан, иə Өзбекстанның жер өзгерісі сықылды бірқатар өзгерістер жайынан болып отыр. Мəселені былай қоюдан кей- бір жолдастар шошымасын.

1921 жылы Ленин жолдас айтқан: «Біздің қазіргі жаңа дəуірде жаңа шаруа түзеу жолда қай ісіміз болса да үлкен еп керек. Дұрыс əдіс керек, нені болса да көп ойлап, көп толғау керек. Міне, бұл бүгінгі біздің жаңа дəуірімізді еске алатын жаңа нəрсе».

Бұл сөздер біздің жаңа шаруашылық саясатына əдіспен кірген кезімізде ғана жазылған. Қазір өзге түрдеміз, қазір біз есімізді жинап алып, шаруашылықтың дербес, капиталшылдық түріне шабуыл жасап тұрған кезіміз. Біздің өзгерісіміздің де түрі де болса, бұл шабуыл түрі.

"Ел - шежіре"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға