Жаңалықтар

Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында бірнеше автожол уақытша жабылды

Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында бірнеше автожол уақытша жабылды
Фото: QazAvtoJol 19.05.2024 09:01 453

Атырау облысында бірнеше бағыттағы жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келесі автомобиль жолдарын су алу қаупіне байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылып отыр. 

«Атырау-Орал» автожолының 71-179 шақырымы, Махамбет - Индер елді мекендердің учаскесі (жүк көліктері үшін).

📌«Атырау-Орал» автожолының 179-189 шақырымы, Индер елді мекені - БҚО шекарасы.

БҚО-да Атырау облысында орын алған су тасқынға байланысты жүк көліктерінің қозғалысы да шектелді. 

«Атырау-Орал» автожолының 189-492 шақырымы, Орал қ. - Атырау облысы шекарасы учаскесі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға