Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірліктер тарапының бастамасымен осы елдің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы қатынастарды нығайтуға баса мән берілді. Осы ретте екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы серіктестіктің қазіргі деңгейін жоғары бағалай отырып, қол жеткізілген барлық уағдаластықты тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Мемлекеттер басшылары саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, сауда-саттық байланыстарды жандандыруға және экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара ниетті екенін растады.
Әңгімелесу барысында БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты өткен туған күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы БАӘ Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Оқи отырыңыз
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік