Жаңалықтар

Александр Усик ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды

Александр Усик ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды
Фото: instagram.com/usykaa 19.05.2024 09:42 418

Украиналық кәсіпқой боксшысы Александр Усик Эр-Риядта ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін Тайсон Фьюримен жекпе-жек өткізіп, басым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесудің тоғызыншы раундта Усик Фьюриді нокдаунға түсіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл ретте ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанған украиналық спортшыға әділқазылар да әртүрлі ұпай берді. Сондай-ақ, Тайсон Фьюриөз мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты. 

Екі спортшы арасындағы келісім бойынша 2024 жылдың екінші жартысында IBF титулынсыз тағы бір жекпе-жек өтетін болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға