Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды
Фото: t.me/aqorda_resmi 08.05.2024 11:40 409

Мемлекет басшысы елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Суреттер: t.me/aqorda_resmi

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға