Қандастар Ассамблея

Отандық ғалымдар биологиялық тың материал ойлап тапты

Жара мен күйікті емдеуге арналған жаңа әдіс

Ұлттық биотехнология орталығында терең жаралар мен күйіктерді емдейтін инновациялық құралдың тұсаукесері өтті.


Баспасөз маслихатында қазақстандық ғалым В.Б. Огайдың ғылыми әзірлемесі – x-Graft биологиялық материал таныстырылды.

– Аталмыш құрал қазіргі уақытта клиникалық сынақтардан өтіп, енді Қазақстанда тіркелу сатысында тұр. Зерттеу нәтижелері бойынша, бұл биологиялық материал адам бойындағы жаралар мен ойық жаралардың тез жазылуына септесіп, науқастардың ауруханада ұзақ мерзімде жатқызу кезеңін қысқартуға ықпалын тигізеді, – дейді В.Б.Огай.


Әзірленген x-Graft медициналық материалы заманауи мата инженериясының көмегімен коллаген мен эластин талшықтарынан жасалған. Таңу материалы кең, терең және ұзақ емделмейтін жараларға арналған. Сонымен қатар трофикалық жараларды уақытша жабу үшін қолданылады. Үйреншікті дәке таңғыштарымен салыстырғанда бұл жабынды қолдану әлдеқайда ыңғайлы, әрі жараның бетіне жабыспайды. Емдік қасиеттері бойынша да бұл биологиялық жабын шетелдік аналогтардан кем түспейді. Себебі өте сапалы, жоғары беріктікке, серпімділікке және ие.


– Біздің «X-Graft» биологиялық материал медициналық құрал ретінде Қазақстан мен ЕАЭО елдерінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, клиникалық тәжірибеге енгізілгеннен соң, еліміздегі медициналық қызметтер деңгейі көтеріліп, науқастардың да өмір сүруі жеңілдейді. Сонымен қатар, ауқымды және терең күйіктері бар науқастардың өлімінің саны әлдеқайда төмендейді деп жобалаймыз, – деді В.Б. Огай.


Қазірге таңда биологиялық жабын Қарағанды қаласындағы профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көп салалы ауруханада және Алматы қаласының №4 клиникалық ауруханасында клиникалық зерттеулерден сәтті өтіп, нәтижесін көрсетіп үлгерді.

Сынамаға жарасының көлемі 5-30%, II – III АБ дәрежелі күйіктері бар 120 науқас қатысқан. Зерттеу нәтижелері бойынша қарапайым дәке таңғыштарымен салыстырғанда биологиялық материал сауығу процесін едәуір жылдамдататынын көрсеткен. Сонымен қатар жараның бетіне зақым келтірмейді, зақымдалған терінің функционалды қалпына тез келуіне ықпал етеді.



Зерттеуге қатысқан дәрігерлердің айтуынша, «X-Graft» биологиялық жабынын қолдану оңай және жараларды таңуға қолайлы. Сондықтан болашақта терең жараларды емдеу үшін клиникалық тәжірибеге енгізілуі тиіс.

– Біз ойлап тапқан биологиялық жабын сиырдың париетальды қабырғалық ішастарынан жасалған. Таңу материалы терең және ұзақ емделмейтін жараларды емдеуге арналған. Емдік қасиеттері бойынша шетелдік аналогтардан кем емес. Себебі коллаген мен эластиннің табиғи талшықтарынан жасалған. Сондай-ақ, жабынды стоматологияда қызыл иектің көлемін ұлғайтуға және тіс имплантының айналасындағы жұмсақ тіндердің көлемін арттыру үшін қолдануға болады, – дейді ғалым.

Құрал қазіргі кезде клиникалық сынақтардан өтіп, Қазақстанда тіркелу сатысында тұр.

Ұқсас материалдар