Қандастар Ассамблея

Сүйелден құтылам десеңіз

01.02.2017 27499

Пайдалы кеңес

Сүйел адамның папилломатоздық вирусының кейбір түрлерінен таралады. Тікелей қатынастан немесе әртүрлі  заттар арқылы да жұғады. Бұл тегіс емес, мүйізді қабаттармен жабылған эпидермалық түйіршіктер, тары дәнінен ірі бұршаққа дейінгі көлемде, сары-сұр түсте байқалады.

Сүйелді кетірудің негізгі екі жолы бар. Олар: медициналық және дәстүрлі әдістер.

Сүйелден құтылу үшін:

  • хирургиялық (скальпельдің көмегімен);
  • криодеструкция (сұйық азотпен қатыру);
  • радиотолқынды хирургия;
  • лазерлі технологияға жүгінуге болады.

Сонымен бірге, сүйелді дәстүрлі әдістермен де кетіруге болады. Тазаланбаған картопты алыңыз да, ортасынан бөліңіз. Әрбір бөлшегімен денеңіздегі сүйелдерді уқалаңыз, содан соң екі бөлікті біріктіріп, жіппен мықтап байлаңыз. Картопты көшеге лақтырып тастаңыз, ол толығымен шіріп біткенде, сіз де сүйелдеріңізден айығасыз. Картопты көшеге лақтыру міндетті емес, қағазға орап, бір жерге алып қойсаңыз да болады, бастысы ол шіру керек.

Сондай-ақ,

  • Сүйелге жаңа піскен қышқыл алманың шырынын жағуға болады, олар 10 күннен кейін кетіп қалады;
  • Сүйелге күніне 2 – 3 рет пияздың шырынын жағуға болады;
  • Сірке суда пиязды қабығымен қайнатып, алынған тұнбаны сүйелге жағып жүру қажет;
  • Жылқының құйрығының қылы қатты болады, соның бір талын сүйелге орап, тартып қалу керек;
  • Сүйелді айға көрсету, «қызғандыру». Сүйелдеріңізді  картоп крахмалымен үйкелеп, ай жаңадан туған кезде оған көрсетіп, «менде сүйел бар, сенде жоқ» деңіз. Артынша әлгі картопты жерге көміп тастаңыз;
  • Түрлі-түсті жіптерді денеде қанша сүйел болса, сонша рет түйіндеп, адам аяғы баспайтын жерге тастау;
  • Сүйел шыққан жерді несеппен (кіші дәрет) 3-7 күн  жуу;
  • Қойдың ащы ішегін денеңіздегі сүйелге тигізіп отырып түйіндейсіз. Мәселен, 42 сүйел болса, ішекті 42 жерден түйіндеуіңіз қажет. Одан соң, ішекті ешкім баспайды-ау деген жерге апарып көміп тастайсыз. Әлгі ащы ішек шіріген кезде (шамамен 1- 2 аптада) сүйел де ізім-қайым жоғалады.
  • Денедегі сүйел санымен бірдей етіп шикі күрішті санап аласыз. Сосын «Осы сүйелдерім кетсін!» деген сияқты тілек айтып күлге араластырасыз, күлді аулақтау жерге апарып төгесіз. Көп дегенде 1 айдан кейін денеңіздегі сүйелдер жоғалады.

Берілген әдістер көмектеспесе, дерматологқа көрініп, операциялық жолмен ғана кетіруге болады.