Жаңалықтар

Түркістандықтар референдумға белсенді түрде қатысып жатыр

Фото: Baq.kz
Түркістандықтар референдумға белсенді түрде қатысып жатыр
05.06.2022 11:54 1159

Бүгін Түркістан қаласындағы «Балдырған» ясли бөбекжайында орналасқан  №880 сайлау учаскесіне жергілікті тұрғындар референдумға қатысу үшін таңғы сағат жетіден бастап келді, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған учаскенің төрайымы Салтанат Есетованың айтуынша, таңғы уақытта дауыс бергендердің басым көпшілігі үлкен кісілер болды.

Түркістандықтар референдумға белсенді түрде қатысып жатыр

Бүгін ерекше тарихи күн. Түркістан қаласындағы N880 сайлау учаскесіне 1 933 адам тіркелген. Түркістан қаласы Тұран ауылындағы «Балдырған» бөбекжайындағы учаскеге келіп дауыс берген адамдар бюллетень жәшігіне сағат таңғы 7.00 ашылған уақыттан бастап кезекпен  дауыс беріп жатыр. Жастар жағы  да көп үлес қосып жатқаны қуантып отыр. Қазірге дейін 650 адам дауыс беріп үлгерді. Кешкі сағат 20:00-де дауыс беру аяқталады. Кешке дейін барлық дауыс берушілер түгел қатысады деген үміттеміз,  - деді комиссия төрайымы Салтанат Махамбетқызы. 

Ата заңға енгізілген өзгерістерге дауыс беруге келген Тұран ауылының тұрғыны Ақжанар Жүзенова мемлекет басшысының саясатын бірауыздан қолдайтынын білдірді. 

Түркістандықтар референдумға белсенді түрде қатысып жатыр

(Баланың фотосын жариялауға ата-анасы рұқсат берген )

Бүгін көптеген ауылдасыммен бірге қалыспай сайлау учаскесіне келдім. Конституцияға қандай өзгерістер енгізілгелі жатқанын БАҚ беттерінен, әлеуметтік желілерден оқып, біліп таныстым. Президентіміз ел болашағы үшін керемет өзгерістер жасап отыр. Бұл тамаша мүмкіндік, - дейді Ақжанар Жүзенова. 

Түркістандықтар референдумға белсенді түрде қатысып жатыр

Ал Яссы мөлтекауданының ақылы қоғамдық қызметкері Жанат Кидралиева референдумның әділ, ешқандай құқық бұзушылықсыз өтіп жатқанын айтты. 

Түркістандықтар референдумға белсенді түрде қатысып жатыр

Референдумға халық өз еркімен келіп жатыр, тұрғындарға ризамын. Жаңа Қазақстанның Конституциясын қолдайтынын білдіруде. Еліміз көркейе берсін, болашақ үшін дұрыс таңдау жасап жатқанымызға сенімдімін, - деді бақылаушы Жанат Кидралиева.

Түркістандықтар референдумға белсенді түрде қатысып жатыр

Еске сала кетсек, Түркістан облысы бойынша  бір миллионнан астам сайлаушы мен 900-дей референдум учаскесі бар. 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға