Жаңалықтар

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев академик Серік Қирабаевты қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев академик Серік Қирабаевты қабылдады
03.05.2019 00:00 4284

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен белгілі әдебиеттанушы-ғалым Серік Қирабаев төл әдебиетіміздің қазіргі жағдайы мен даму перспективасын талқылады.

Сондай-ақ, білім және ғылым саласының өзекті мәселелеріне тоқталды.

Әңгімелесу барысында Серік Қирабаев Нұрсұлтан Назарбаевтың ел Президенті өкілеттігін тоқтату туралы маңызды шешім қабылдағанын атап өтіп, Елбасының алдағы қызметіне табыс тіледі.

 

Алматы қаласы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға