Жаңалықтар

Алматыда «Алтын бесік» салт-дәстүрлер фестивалі өтті

Алматыда «Алтын бесік» салт-дәстүрлер фестивалі өтті
28.04.2019 00:00 2212

Алматы қаласындағы Достық үйінде 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған «Алтын бесік» салт-дәстүрлер фестивалі өтті.

Мерекелік шара республикалық және Алматы қалалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының арасында өтті.

Ұлттық бесік тақырыбы бойынша салтты «Ахыска» республикалық түрік орталығының, Алматы украин этномәдени орталығының, Қазақстан ұйғырлары мәдени орталығының, Алматы неміс қоғамдық бірлестігінің шығармашылық ұжымдары, Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы Алматы қаласы бойынша филиалының «Жива» фольклорлық ансамблі, Т.Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері көрсетті.

Шығармашылық ұжымдардың сахналандырылған көріністері салт жайлы айтумен (бесікті жасау; бесікке байланысты ырымдар), халықтық немесе заманауи композиторлардың бесік туралы әндерін орындаудан тұрды.

Этномәдени бірлестіктердің қыздар волкалдық тобы бесік жырларынан поппури орындаса, «Бірлік» вокалдық тобы «Атамекен» әнін шырқады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға