Жаңалықтар

Ұшағыңыз кешіккен сайын, өтемақысы өсе бермек

Осы жұмыс аясында рейс кешіктірілген жағдайда жолаушыларға төленетін айыппұл көлемін ұлғайту мәселесі қарастырылып жатыр.
Ұшағыңыз кешіккен сайын, өтемақысы өсе бермек
09.08.2022 05:36 1694

Рейс кешіккені үшін қазақстандық жолаушыларға төленетін өтемақы мөлшері өсуі мүмкін. Бұл туралы ресми сауалға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі берген жауапта айтылған - деп хабарлайды EL.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта рейс кешіктірілген жағдайда әуекомпаниялар жауапкершілігін күшейту мақсатында қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу қарастырылып жатыр. Осы жұмыс аясында рейс кешіктірілген жағдайда жолаушыларға төленетін айыппұл көлемін ұлғайту мәселесі қарастырылып жатыр, - деді министрлік өкілдері.

Ведомство азаматтардың құқығын сақтамағаны үшін Air Astana әуекомпаниясына төрт рет айыппұл салғанын түсіндіріп, тергеу әлі жалғасып жатқанын, жаңа заңбұзушылықтар анықталса, тасымалдаушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға