Жаңалықтар

Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Келіссөз барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ екіжақты өзара әрекеттестіктің перспективалық бағыттары қарастырылды.
Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Фото: egemen.kz 24.09.2022 14:41 1484
Мәскеуде Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчук пен Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің қызметтік кездесуі өтті, ден хабарлайды El.kz Ресейдің Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап.

Келіссөз барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ екіжақты өзара әрекеттестіктің перспективалық бағыттары қарастырылды.

Тараптар көлік-логистикалық байланыстарды, өнеркәсіпті, отын-энергетика кешенін, сондай-ақ Каспий бассейнінің экологиялық мәселелерін дамытудағы ынтымақтастықты кеңейтудің басым міндеттеріне ерекше назар аударды.

Тараптар екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың барлық бағыты бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға