Жаңалықтар

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Қазақстанда 672 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді
Фото: inbusiness.kz 20.08.2022 09:10 682
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 19 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметті таратты, деп хабарлайды El.KZ.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 898 жағдай тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 382 809 жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында — 152,

Алматы қаласында — 75,

Шымкент қаласында — 12,

Ақмола облысында — 74,

Ақтөбе облысында — 57,

Алматы облысында — 5,

Жетісу облысында — 15,

Атырау облысында — 22,

Шығыс Қазақстан облысында — 16,

Абай облысында — 20,

Жамбыл облысында — 11,

Батыс Қазақстан облысында — 89,

Қарағанды облысында — 109,

Ұлытау облысында — 19,

Қостанай облысында — 68,

Қызылорда облысында — 14,

Маңғыстау облысында -28,

Павлодар облысында — 58,

Солтүстік Қазақстан облысында — 48,

Түркістан облысында — 6.

Қазақстанда 672 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 1 347 699 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2022 жылғы 19 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 — ші компонентін 9 577 178 адам, 2 — ші компонентін 9 357 221
адам салдырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға