Жаңалықтар

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Болжам бойынша, алдағы күндері Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: 24.kz 05.08.2022 19:00 1228

Қазгидромет синоптиктері 6, 7 және 8 тамыздағы ауа райына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды El.kz

«Елдің қалған бөлігінде ауа райы оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталь бөліктер ықпалына байланысты болады. Мұнда көбінесе жаңбырлы ауа райы болжанады - найзағай, екпінді жел соғып, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, жел болуы мүмкін», делінген хабарламада.

Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер болмайды:

күндіз батыста +30 +37 градус;

оңтүстік-батыста +27 +37 градус;

солтүстік-батыста +27 +35 градус;

солтүстікте, шығыста +22 +30 градус;

орталықта +20 +28 градус;

оңтүстікте, оңтүстік-батыста, елдің шығысында +30 +35 градус;

таулы аймақтарда +25 градус шамасында.






Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға