Жаңалықтар

Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын жартылай тоқтатты

«ҚазМұнайГаз» басшысы Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, мұндай шара қосымша 150 мың тоннаға дейін дизель отынын алуға мүмкіндік береді.
Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын жартылай тоқтатты
Фото: atr.kz 02.10.2022 06:21 2317

Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғыларды жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz зауыттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚазМұнайГаз» АҚ жөндеу жұмыстары кезінде зауыт мақсатты өнімді шығару және жөнелту арқылы 50-70 % қуаттылықта жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Атырау мұнай өңдеу зауыты тұрақты жұмыс режиміне 2022 жылдың қараша айының екінші онкүндігінде қосылады деп жоспарлануда.

«Жоспарлы жөндеу кезеңінде қондырғыларда келесі жұмыстар жүргізіледі: катализаторларды ауыстыру, ішкі тексеру, реакторды, резервуарды, колонканы, жылу алмастырғыш жабдықтарды және құбырларды қайта қарау және сертификаттау», - делінген хабарламада

Зауытта қазан-қараша айларында 692 мың тонна мұнай өңдеу жоспарлануда. Орташа тәуліктік өңдеу 11 347 тоннаны құрайды, бұл зауыттың жобалық қуатының 68% құрайды.

Айта кету керек, бастапқыда зауытта жөндеу жұмыстарын қыркүйек айында бастаатын болған, алайда жаңадан пайда болған жанар-жағармай тапшылығына байланысты Шымкент пен Атырау мұнай өңдеу зауыттарында да жоспарлы жөндеу жұмыстарын кейінге шегеруге шешім қабылданды.

«ҚазМұнайГаз» басшысы Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, мұндай шара қосымша 150 мың тоннаға дейін дизель отынын алуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, 20 қыркүйекте облыстық экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеру жүргізіп, жүйелі бұзушылықтарды анықтаған болатын.

31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні Атырауда жағымсыз иістің пайда болуына байланысты облыстық экология департаменті ауа сапасын бақылау бекеттерінің мәліметтеріне талдау жасады. Атырау мұнай өңдеу зауыты ауадағы күкіртті сутегінің мөлшерінен асып кеткен жағдайда жауапкершілікке тартуға уәде берді.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға