Жаңалықтар

Анна Данилина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге екінші айналымда жарыстың 3-ракеткалары, жапониялық Ена Шибахара - қытайлық Чжан Шуаймен кездесті
Анна Данилина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
Фото: ktf.kz 19.08.2022 09:27 864

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты,– деп хабарлайды El.kz.

Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге екінші айналымда жарыстың 3-ракеткалары, жапониялық Ена Шибахара - қытайлық Чжан Шуаймен кездесті.

Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында Анна мен Беатрис 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыластары 2 эйспен ғана көзге түсті.

Қазақстандық-бразилиялық жұп жартылай финалға шығу үшін доданың 7-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен таласады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға