Жаңалықтар

Ақкөлде біраз көше атауы қазақшаланады

Ақкөл аудандық мәслихаты осындай ұсыныс жазылған қаулыны ашық талқыға шығарды. 
Ақкөлде біраз көше атауы қазақшаланады
09.08.2022 03:33 874

Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы 6 көше мен бір шағынауданның атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақкөл аудандық мәслихаты осындай ұсыныс жазылған қаулыны ашық талқыға шығарды. 

Мир көшесі - әл-Фараби, Первомай көшесі - Роза Бағланова, Привокзальная көшесі - Абай, Береговая көшесі – Жағалау, Горная көшесі – Атамекен, Абай көшесі – Аманат және Мектеп-интернат шағынауданы - Сарыарқа шағынауданы болып өзгертілсін, - делінген қаулыда. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавлдың 16 көшесіне қазақша атау берілгенін жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға