Жаңалықтар

Бауыржан Исламханның өмірлік ұстанымдары

"Жұлдыз ауруына" ешқашан ұшырамаймын!"
Бауыржан Исламханның өмірлік ұстанымдары
18.04.2017 11:10 4623
  • Төбеден қарап отырғанда, бәрі – оңай. Теледидардан немесе төбеден қарап отырсам, маған да оп-оңай. Ал алаңда бәрі де – мүлде басқаша.

  • Азулы Испания құрамасы мен әйгілі «Барселона» клубының жартылай қорғаушысы – Андрес Иньеста мен қазақ футболында Самат Смақов ағамды өзіме үлгі тұтамын.

  • Мен көп жаттықтым немесе жаттығудан соң қалып көп еңбектендім дей алмаймын. Менің жетістігім – нақты бір мақсат қоя білгенімде.

  • Осындай дәрежеге жеткізген әке-шешеме мың да бір алғыс. Бәрі де – солардың арқасында.

  • «Әке деген – асқар тау, негіз қуат, Ақ сүт берген анашым – егіз бұлақ. Алладан соң, ата-анаң разы болса, Алдыңнан ашылады сегіз жұмақ!»

  •  «Жұлдыз ауруына» ешқашан ұшырамаймын!

  • Мақсатым – әлем футболында жоғары деңгейге жету.

  • Менің жұмысым – көпіріп сөйлей беру емес, футбол ойнау. Сондықтан «сұхбаттарымды» ғаламтор арқылы әр түрлі басылымдардан емес, жасыл алаңнан іздеу керек деп түсінемін...

 

  • «Кубаньға» бекер ауысты деген сөздерді жиі естідім. Біріншіліктен қателесті деп айтып жүргендер де болды. Бірақ ештеңеге өкінбеймін. Ресей біріншілігінде доп тебу бұйырмаса да, барынша шеберлігімді шыңдадым, тәжірибесі толысқан футболшылардан көп нәрсе үйрендім. Еуропаның үздік командасында ойнау бақыты әлі де туады деп ойлаймын.

  • Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасымен бірге жасыл алаңға шыққым келеді.

  • Бала кезде алаң жиегінде отырып, «қашан біз де осылай клубтың негізі сапында ойнаймыз?» деп көп армандайтын едік.

  • Ұраным – тек қана алға!

  • «Қайраттың» чемпиондығы – менің жеке марапаттарымнан мың есе артық!

  • Бәріміз кішкентай турнирлерде доп теуіп бастадық. Тараз қаласының жасыл алаңдарында ойнап, футболшы ретінде қалыптастым. Сол себепті балалар турнирін өткізуді ұйғардым. Жастар өссін, Қазақстанның туын желбіретсін!!! Болашақта солардың ішінен әлемдік жұлдыз шығып қалар...

  • Қазақстан құрамасының сапында өткізген әр ойын – өмірімде орын алып жатқан үлкен оқиғалар. Мен ұлттық құрама үшін жан аямаймын. Сол себепті әр кездесу сайын шеберлігім шыңдалып келе жатқанын байқаймын.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға