Жаңалықтар

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының таныстырылымы өтеді

15 маусым күні Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды El.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының таныстырылымы өтеді
Фото: ktk.kz 14.06.2022 16:34 2312

Кездесуге ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар қатысады.

Ұлттық әдеби сыйлық жеті номинация бойынша жарияланады. Олар: «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік комикс», «Үздік кітап дизайны».

Әдеби сыйлыққа ақын-жазушылар мен жас қаламгерлер қатыса алады. Ұсынылатын еңбектерді 15 маусым мен 1 қазан аралығында aiboz@kitap-palatasy.kz электронды мекенжайына жіберу қажет. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады. Толығырақ ақпаратты www.kitap-palatasy.kz сайтынан көруге болады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға