Жаңалықтар

Жалған полицей ұсталды

Жалған полицей ұсталды
Фото: zhasalash.kz 15.06.2022 10:16 1616

Шымкент қаласы полиция депратаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жергілікті тұрғын полиция озбырлығының құрбаны болғаны туралы арызданған, деп хабарлайды El.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Азаматшаның айтуынша, бейтаныс адам өзін әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі ретінде таныстырып, оны құқықбұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қоямын деп қорқытқан. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін «Полицей» әйелден ай сайын 80 мың теңге көлемінде ақша беруді талап еткен.

«Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ер адамды ақша алу үстінде ұстады. Тексеру кезінде ұсталған адамның полицияға ешқандай қатысы жоқ және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет маманы екендігі анықталды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп жазды Шымкент қаласы полиция департаментінен.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға