Жаңалықтар

Жағажайдағы ұрылардан қалай сақтану керек?

Павлодар облысының Полиция департаменті барлық демалушыларға жағажайға барған кезде заттарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді
Жағажайдағы ұрылардан қалай сақтану керек?
27.06.2022 14:01 1731

Павлодарлық полицейлер жағажайдағы ұрлықтың қалай алдын алу керектігін айтты, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz- ке сілтеме жасап.

Жақында Ертіс өзенінде шомылып жүрген жасөспірімнің жағалауда қараусыз қалған ұялы телефоны ұрланған болатын. Бала суға шомылып шыққан кезде телефонының жоғалғанын байқайды. Қаскүнем сол уақытта жасөспірімнің мүлкін ұрлауға үлгерген.

– Өкінішке орай, мұндай жағдайлар сирек емес. Ұялы телефондар, әмияндар, зергерлік бұйымдар, сағаттар, қымбат киім және аяқ киім — демалушылар жағалауда қалдыра алатын нәрселердің толық тізімі емес. Жағажайда адамдар көп болған кезде, олардың арасынан қаскүнемді табу қиын болуы мүмкін, – деді полицияда.

Сондықтан шомылуға барғанда, жағажайдағы көршілерден сіздің заттарыңызға қарай тұруды сұраңыз. Егер отбасыңызбен болсаңыз, бірі жүзуге кеткенде, екіншілеріңіз заттарды күзетуге қалыңыз. Егер бір өзіңіз болсаңыз, алысқа жүзбеңіз және әрқашан жағаға қарап жүріңіз. Кейде демалушылардың өздері біреудің бейқамдығын пайдаланып, бөтен мүлікті алуға қарсы болмайды.

Өзіңізбен бірге қажетті ақшаны алып жүріңіз, жағажайға құнды заттарды – зергерлік бұйымдарды, сағаттарды, камераларды алмаңыз. Ұрлыққа байланысты қиындықтарды болдырмау үшін Павлодар облысының Полиция департаменті барлық демалушыларға жағажайға барған кезде заттарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Егер ұрлық орын алса, шұғыл түрде полициямен «102» нөмірі бойынша немесе «Police 102» мобильді қосымшасына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға