Жаңалықтар

Сыртқы сауда айналымы 4 айда 50%-ға өсті

Сыртқы сауда айналымы 4 айда  50%-ға өсті
Фото: shutterstock/vostock 14.06.2022 10:42 1575

Мемлекеттік қаржының атқарылу көрсеткіштері туралы ҚР Үкіметінің отырысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаев баяндады деп хабарлайды el.kz сайты.

Ағымдағы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша кірістер бойынша мемлекеттік бюджетке 6 трлн. 554 млрд. теңге сомасында кірістер түскен. Жоспар (6 125 млрд. теңге) 107%-ке орындалған.

Республикалық бюджетке 4,4 трлн. теңгеге жуық кірістер түсіп, жоспар 100,9%-ке орындалғанын мәлімдеді Қаржы министрі.

Жоспардың асыра орындалуы ағымдағы жылғы 4 айдағы жұмыстарды, қызметтерді және тауарларды өткізу бойынша айналым сомаларының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ке ұлғаюына байланысты дейді Қаржы министрі.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға