Жаңалықтар

«Сергек» бейнекамераларының саны артады

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
«Сергек» бейнекамераларының саны артады
Фото: Mail.kz 23.06.2022 17:59 862

Алматының Алмалы ауданында «Сергек» бейнекамераларының саны 1 069-ға дейін артады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әкімнің айтуынша, шаһардың дамуында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Сол үшін қалада алдын алу шаралары қолға алынуда.

– Биылғы жылдың соңына дейін ауданда «Сергек» камераларының санын 122-ге арттырып, 1 069 бірлікке дейін жеткізу жоспарлануда. Адамдардың жаппай жиналатын орындарға қосымша 541 бейнекамера, оның ішінде 200-і аулаларда, 118-і саябақ, алаңдарға және 223 қиылыстарға орнатылады. Бұл ретте айта кетейін, бұрын бюджет есебінен аулаларда камералар орнатылмаған болатын, - деді Алматы әкімі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға