Президент армияда өлім-жітімнің жиілеуіне байланысты тапсырма берді

04.06.2022
212
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілегеніне ерекше назар аударды, деп хабарлайды El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы осындай келеңсіздіктердің себебін тергеп-тексеру, әскери қызметшілер арасындағы заңсыздықтарды жою және келешекте әскердегі мұндай теріс іс-әрекеттерді болдырмау үшін өзінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтің басшылығымен арнайы комиссия құруды тапсырды. Осындай жағдайға жол берген офицерлер жазаланатын болады», - делінген хабарламада.
Ұқсас материалдар
Cоңғы материалдар