Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда шахматтан турнир өтті

Турнирді «AMANAT» партиясы ұйымдастырды.
Нұр-Сұлтанда шахматтан турнир өтті
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты 23.06.2022 16:48 2061

Елордада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен балалар мен жастар арасында шахматтан «AMANAT CUP» бірінші республикалық турнирі өтіп, жеңімпаздары анықталды, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елорданың басты символы – «Бәйтерек» монументінің алаңына турнирдің 200 қатысушысы, халықаралық гроссмейстерлер Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева және Дәрмен Сәдуақасов, сондай-ақ көрермендер және шахмат спортының әуесқойлары жиналды.
Турнирге қонақ ретінде еліміздің белгілі шахматшылары қатысып, жиылған қауымға арнап қолтаңба сессиясын өткізді.

Нұр-Сұлтанда шахматтан турнир өтті

Шахматшыларды құттықтау үшін партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова. Сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері келді.

Турнир қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп, өзара үздіктерді анықтады. Турнирдің қорытындысы бойынша «AMANAT CUP» алғашқы жеңімпаздары түрлі категориялар бойынша марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға