Жаңалықтар

Ұлттық құрылтай қазақстандықтардың ынтымақтастығының көрінісі – сарапшы

Ұлттық құрылтай қазақстандықтардың ынтымақтастығының көрінісі – сарапшы
Фото: kaznpu.kz 15.06.2022 15:20 1666

«AMANAT» партиясы Жастар қанаты төрағасының орынбасары Айсұлу Ерниязованың айтуынша, ұлттық құрылтай қазақстандықтардың ынтымақтастығының көрінісі.

– Мен үшін жаңа құрылтай - үлкен жауапкершілік. Басты міндетіміз – түрлі қоғамдық топтар арасында диалог құру, жаңа деңгейде қызмет ету. Құрылтай құрамында түрлі жас ерекшеліктегі білікті мамандар бар. Бұл ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен байланыстың маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан жаңа құрылтайдың болашағы баянды деп сенемін, - дейді.

Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау облысында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға