Жаңалықтар

Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
23.06.2022 08:59 1248

23 маусымда Қазақстанның сегіз өңірінде аптап ыстық әрі төтенше өрт қаупі сақталуына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды EL.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысы мен шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с болады. 

Талдықорғанда күндіз 36 градусқа дейін ыстық болады. 

Қонаевта күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Қостанай облысының оңтүстігінде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23-25 маусымда облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. 

Жезқазғанда 23-25 маусым күндері 35-37 градус ыстық болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжанады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында шығыстан жел соғады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық болады, ал облыстың шығысында сынап бағаны 41 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с, күндіз 36-38 градус қатты ыстық болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді, күндіз өңірдің солтүстігінде 40-41 градусқа дейін аптап ыстық болады. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнайды.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл соғады. Таулы аудандарда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында 42 градусқа дейін аптап ыстық. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 40 градусқа дейін аптап ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігін, батысын, орталығын шаңды дауыл басады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында – 15-20, екпіні – 25 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус аптап ыстық күтіледі. Ақтау қаласын күндіз шаңды дауыл басады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға