Жаңалықтар

Бурабайда демалушылар үш жасөспірім қызды құтқарып қалды

Оқыс оқиға Бурабайдағы Үлкен шабақты көлінде болған.
Бурабайда демалушылар үш жасөспірім қызды құтқарып қалды
26.06.2022 07:04 1630
Көл жағасында демалмақ болған үш жас қыз суға түсіп, жағадан алыстап кеткен. Қыздарға көмек керегін түсінген демалушылар оларды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz Ақмола облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Бурабайдағы Үлкен шабақты көлінде болған.

Екі қызды бірден құтқарып, үшінші 14 жастағы қыз судан шығарылғанде ес-түссіз болған. Демалушылардың бірі оған алғашқы медициналық көмек көрсетіпті.

– Судан алып шыққан кезде, қыздың жүрек қағысы әлсіз болды. Ол "өкпенің ісінуі" диагнозымен аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді, — деп мәлімдеді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға