Жаңалықтар

Баспана бағасы: кеңесші не дейді?

Баспана бағасы: кеңесші не дейді?
30.05.2022 14:31 3027

Жылжымайтын мүлік федерациясы былтыр жыл соңына дейін қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы 10%-ға дейін арзандайды деп болжаған еді. Алайда зейнетақы қорындағы артық ақшаны алу мүмкіндігі жылжымайтын мүліктің бағасын әп-сәтте аспандатып жібергенін жасырмайды. Сол уақытта бастапқы және қайталама тұрғын үй иелері баға бойынша алыпсатарлық жасап, бұл пәтер бағасының кем дегенде 10%-ға өсуіне әкелген болатын. Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсіреповтің айтуынша, баспана бағасының қандай болатынын болжау қиын, Мұндай толқулар мегополис қалаларда ғана емес, еліміздің барлық аймағында байқалатын болады.

«Адамдар жылжымайтын мүлікті сатып алады және оны пайдаланады. Егер қазақстандықтар мегаполистерден баспана ала алмаса, оны құны төмен аймақтардан сатып ала бастайды. Елімізде жылжымайтын мүлік тым қымбаттап, нарық қызып кетті. Бұл негізгі және қосымша тұрғын үйге қатысты. Пәтерлерді сатушылар ұсынған баға нақты құнынан 20 пайызға жоғары. Сондықтан жылжымайтын мүлік көптеген азаматтар үшін қолжетімсіз болып қалады. Осы орайда, нақтылап кетейін, жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша 10 мәміленің 9-ы ипотека арқылы жүзеге асады. Осы көктемде Қазақстандағы жылжымайтын мүлік ай сайынғы негізде 3%-ға біртіндеп төмендей бастайды. Бастапқы нарықтағы бағаның төмендеуі үшінші және төртінші санаттағы тұрғын үйлерге әсер етеді: бұл комфорт класындағы пәтерлер. Ішінара бұл үрдіс элиталық және бизнес-класс пәтерлеріне әсер етуі мүмкін», – дейді Жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы.

Баспана бағасы: кеңесші не дейді?

Біз осы орайда Отбасы банкінің Лидер кеңесшісі және бренд-амбассадоры Мадина Болатханқызына хабарласып, баспаналы болудың жолдарын сұрадық. Оның айтуынша, Отбасы банк арқылы Қазақстанның кез келген азаматы үйінің барына, жоқтығына қарамай баспаналы бола алады, атында үй бар болса да, екінші үй алуға да мүмкіндігі бар.

«Бізде көп адам «атымда үй бар, тағы үй ала алмаймын» деп ойлайды. Отбасы банк арқылы жалпы үй жағдайын жақсартуға болады. Жер алып, үй саламын, үйге жөндеу жұмыстарын жүргізем, жер үй немесе пәтер сатып алам десе де түрлі бағдарламалар бар. Мысалы, «Шаңырақ» және «Бақытты отбасы» деген мемлекеттік бағдарлама бар. «Бақытты отбасы» бағдарламасы әкімдіктің үй кезегінде тұрған, атында үйі жоқ, көп балалы отбасы, толық емес отбасы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасыларға арналған. Талап бар ол жерде, мысалы, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында кезекке тұру үшін арнайы үш жылдық тұрақты тіркеу талап етіледі, соңғы бес жылда барлық отбасы мүшелерінің атында үй болмау керек, кезекке тұрғаннан кейін бағдарлама жарияланғанда жылына бір рет болады, өзі өтініш береді, кезекке тұрған жылына байланысты, кім ертерек тұрды, солар бірінші өтеді. Одан кейін төлем қабілеттілігін растау барысында табыс мөлшері жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек. «Бақытты отбасына» байланысты Шымкент, Ақтау, Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында 15 миллионға үй ала алады, басқа аймақтарда 10 миллионға дейінгі сомманы алғашқы салып он пайызбен береді, несие бойынша мөлшерлеме екі пайыз. Қымбатырақ үй аламын десе, қосымша өздері ақша қосып алса болады. «Бақытты отбасы» бойынша дайын пәтер немесе жер үй алады», – дейді Отбасы банкінің Лидер кеңесшісі Мадина Болатханқызы.

Ал «Шаңырақ» бағдарламасы да әкімдіктің үй кезегінде тұрғандарға арналады. Ол жерде талап Алматы мен Нұр-Сұлтанда үш жылдық тұрақты тіркеу болу керек үй кезегіне тұру үшін, басқа аймақтарда қарамайды. Кез келген тұрақты тіркеуі болса болды, бірақ атында үй болмау керек. және бұл жерде әкімдік салған үйлер қатысады. Барлық кезекте тұрғандар. Жоғарыдағы «Бақытты отбасына» үш категория болса, ал «Шаңырақ» бағдарламасына мемлекеттік қызметкер, бюджеттік қызметкер, көп балалы отбасы, толық емес отбасы, жетімдер, соғысқа қатысқандар, бірінші және екінші топ мүгедектері деген сияқты кезекте тұрғандар қатысады.

«Шаңырақ» бағдарламасы қазір енді қай аймақта осы бағдарлама бар, белгілі бір мерзімде жарияланады, әкімдік салған үйлерге қатысады. Сол кезде әкімдік арнайы салған үйлер таза әрлеуде беріледі. Қазір солай. Бұрын әкімдіктің үй кезегінде тұрғандарға белгілі бір мерзімде төлем қабілеттілігін растап, өздері нарықтан үй табады, жаңа .й немесе салынып жатқан үйлерден. Ол кезде Алматы мен Нұр-Сұлтанда 18 миллионға дейін, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Түркістанда 15 миллионға дейін, басқа аймақтарда 12 миллионға дейін үй таңдауға беретін. Қазір әкімдік салған үйлерге қатысады, дәл қазір Алматы қаласында шаршы метрі 240 мың теңгеден өтініш береді, байқау ретінде жүреді. Өтініш бергенде кімнің сыйақысы жоғары, сол адамдар бірінші өтеді. Тек қана өтініш береді әкімдіктің үй кезегінде тұрғандар. Сөйткен жағдайда үйдің шаршы метрі болғандықтан квадрат метріне қарай үйдің бағасы шығады. Мысалы, 19 200 000 шығып кетсе, алғашқы он пайыз салымын құйып, бес пайызбен несие рәсімдейді. «Шаңырақтың» шарты бойынша алдымен өтініш береді, сыйақысы жоғары адам бірінші болып келеді де, төлем қабілеттілігін растайды. Төлем қабілеттілігін растағанда жан басына шаққанда минимумнан аспауы керек. Сыйақы деген банкке ақша салып жинағанда депозиттегі ақшаға банк 20 пайыз мемлекеттік сыйақыдан бөледі, екі пайыз сыйақы береді. Кім сол сыйақыны көбірек жинайды, сол адамдар бірінші өтеді. Одан бөлек, «Бақытты отбасы» бағдарламасынан негізгі тізімде өткен адамдардың алты ай үй іздеуге уақыты болады, сол алты айда «Шаңырақ» бағдарламасы жарияланып қалса, «Бақытты отбасы» бағдарламасында төлем қабілеттілігін растағандар да қатыса алады. «Бақытты отбасының» негізгі тізіміне енгендер байқаудан тыс өтіп кетеді. Былайша айтқанда, сыйақы мөлшерінің қанша болғанына қарамастан, басымдық беріледі», – дейді Отбасы банкінің Лидер кеңесшісі Мадина Болатханқызы.

Сонымен қатар, «Алматы жастары», «Елорда жастары» деген сияқты аймақтық бағдарламалар бар. «Алматы жастары» бағдарламасында Алматы қаласында жұмыс істейтін 35 жастан аспаған, білім, ғылым, өнер, мәдениет, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, құқық қорғау органдары саласында жұмыс істейтін, соңғы бес жылда атында үй тіркелмеген, республикалық, мемлекеттік, қалалық ұйымдарда жұмыс істейтін азаматтар қатысады. Ол жерде балл санына қатысады, кімнің некеде тұрған жылына, бала санына, еңбек өтіліне байланысты балл беріледі. Халықтың әлеуметтік осал тобына жатса, қосымша балл беріледі. Кімнің балы жоғары, сол адам өтіп, он бес жұмыс күні ішінде төлем қабілеттілігін растайды. Оны растағаннан кейін 45 күнтізбелік күн ішінде үй табу керек. Тек қана дайын пәтер немесе салынып жатқан үйлерден ала алады. Қайталама үйден де ала алады. Салынып жатқан үйлер арнайы тұрғын үй кепілдік беру қорынан сертификаты болу кеерк және банктен арнайы келісімі болу керек.

«Айтпақшы, «Ұмай» әйелдер ипотекасы деген бар, ол әзірге жабық тұр. Белгілі бір қаржы бөлінеді, сол қаржы игеріп біткеннен кейін жабылады, одан кейін қайтадан ашылады. Ол табыс мөлшері 640 мың теңгеден аспайтын, нәзік жандыларыға рәсімделеді. Некеде болса, отбасылық табыс 640 мың теңгеден аспауы керек. Бұл жерде табысына байланысты, табысы 550 мыңға дейінгі болса, алатын үйінің бағалауы жасалады. Сол бағалаудың 85 пайызын банк береді, 15 пайызын өзі құяды, яғни сатушыға тікелей береді. Табысы 550 мың мен 640 мыңның арасы болса, бағалауда 80 пайызын береді. Әйелдер ипотекасының бағалауы 30 миллионнан аспауы керек. Жер үй, пәтер ала алады және ремонтқа деп ақша ала алады. Ремонтқа 3 700 000-ға дейін береді. Сондай-ақ, «Әскери баспана» бар, ол Отбасы банк арқылы тұрғын үй төлемін алатын Ішкі істер органдарының қызметкерлері, Қазақстан қарулы күштері қызметкерлері Отбасы банк арқылы соңғы алты айда тұрғын үй төлемін алса, сол «Әскери баспана» бағдарламасымен байқау жарияланады. Байқаудың биыл қалай болатыны белгісіз. Бұрын кім бірінші өтініш беріп үлгереді, сол адамдар бірінші заем рәсімдейтін. Ал биыл әзірге белгісіз, сыйақы мөлшеріне қарайды деп жоспарлануда. «Әскери баспанада» алғашқы салып 15 пайызбен 50 миллионға дейінгі соммада үй алуға болады. Бірақ, және бір түрі бар. Алғашқы салымы 50 пайыз болса, «Әскери бағдарламасымен», несие бойынша мөлшерлеме алты пайызбен кез келген уақытта келіп, ешқандай байқауға қатыспай-ақ ала берсе болады. Және алғашқы салымы 50 пайызбен алу негізі дәл Отбасы банкінде жинақтаса, сол тиімді болады. «Бақытты отбасы» да тиімді. Себебі, он пайызбен несие мөлшерлеме бойынша екі-ақ пайызбен алады. Қазір негізі қай адамның мүмкіндігі қай бағдарламаға келіп тұр, сомен үй ала берген дұрыс, себебі үйдің бағасы қымбаттай береді», – дейді Мадина Болатханқызы.

Оның айтуынша, ипотекасы бар болса, төлем қабілеттілігін растау арқылы екінші ипотека алуға болады. Алғашқы салым 50 пайызын құйып, жалпы суммасы 100 миллион теңгеге үй алуға болады. Сонымен қатар, балаға да депозит ашуға болады, «Баспана» және «Арнау» деген тарифтер бар. Екеуінің айырмашылығы, «Баспана» тарифында минимум он жылда жарты ақшасын жинақтайды. Одан кейін қалған жартысын екі пайызбен ала алады.

«Мысалы, «Баспана» депозитін ашқандар жалпы, кім депозит ашады, бәрі мемлекеттен 20 пайыз сыйақы алады ғой. Мемлекет 200 МРП береді, одан артық ақшаға 20 пайыз бермейді. Егер «Баспана» тарифын ашып, сенде миллион теңге болса, бір депозитке салсаң, 636 мың теңгеге 127 200 теңге сыйақы береді. Бір депозитке миллион салсаң да, екі миллион салсаң да, 127 200 теңгеден артық бермейді. ондай жағдайда миллион теңгені 500-ен екі адамға бөліп салсаң, әрқайсына сыйақы аласың, сыйақы түскен соң ақшаны біріктіруге болады. «Арнауда» ешкіммен біріктіре алмайды, сол баланың өзіне ғана жиналады. Сондықтан баспаналы болудың бірден бір жолы – тек қана ақша жинау», – дейді Мадина Болатханқызы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға