Жаңалықтар

Қазақстанда 11 мыңнан аса әйел бедеулік диагнозымен кезекте тұр

Қазақстанда 11 мыңнан аса әйел бедеулік диагнозымен кезекте тұр
13.06.2022 16:59 1901

Елімізде бедеулікпен күресіп, ана атанғысы келетін әйелдер қатары көп. Табиғи жолмен сәби сүйе алмағандар заманауи ғылымға жүгінеді. Яғни жасанды жолмен ұрықтандыру. Қазақстанда алғашқы экстрокорпаральді ұрықтандыру 1995 жылы пайда болды, дәл сол жылы алғашқы сәби дүниеге келген. 

Содан бері жасанды ұрықтандыру арқылы бала сүйген аналардың қатары артты. Қазіргі уақытта елімізде 11 мыңнан аса әйел бедеулік диагнозымен кезекте тұр. Елордадағы Экомед клиникасына күніне бедеулік мәселесімен 13-15 адам келеді, ал айына 400ге жуық адам ақ халаттылардың көмегіне жүгінеді. Белсіздік пен бедеулікке тап болған отбасылармен жұмыс істеп келе жатқан репредуктолог дәрігер Әйгерім Дүйсенбаеваның айтуынша, бедеуліктің негізгі факторы жатыр түтікшелерінің қабынуынан, дейді. Сондай-ақ қандай да бір лапароскопиялық операциялардың әсерінен боп қалуы мүмкін екенін айтады.

- Әйел адамдарда аналық безінде ұрықтары көп. Сондықтан эндокрендік бұзылыстардан жүктілік болмауы жиі кездеседі. Бедеуліктің тағы бір себебі - созылмалы инфекция. Бұл, әсіресе, жамбастың қабынып ісінуіне қатысты болады да, әйелдің бала көтере алмауына әкеліп соқтырады. Ауру асқынбай емделсе, жүкті болуға мүмкіндік бар. Қыз бала - болашақ ана. Сондықтан, қазірден бастап денсаулықтарына көңіл бөліп, суықтанудан сақтанса, мұндай проблемалар болмайды - дейді репредуктолог.

Ал, 14 жыл бойы бала көтере алмағандықтан ЭКО жасатуға шешім қабылдаған Көкшетау қаласының тұрғыны Гүлдана Қаскеева«Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы тегін квотаға іліккен. Медицинаның мүмкіндігіне, технологияның дамығанына дән риза. Әрі жасанды жолмен сәби сүюді елден жасырып, ұялатын ештеңесі жоқ дейді.

2021 жылы Президент тапсырмасымен «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылып, жыл сайын 7мың квота бөлінетін болды. Былтыр бағдарлама аясында 2100 сәби өмір есігін ашқан.

Еске салайық, өткен жылы Қазақстанда «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы бекітілді. Жоба аясында нәресте және ана өлімі де азаяды деп жоспарланған. Сондай-ақ, ана мен баланың денсаулығына ерекше көңіл бөлінетіні айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға