Жаңалықтар

Қазақстан шетелдік инвестиция көлемін 25,5 млрд долларға арттырады

Министрлер кабинеті Инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасын бекіту үшін дауыс берді.
Қазақстан шетелдік инвестиция көлемін 25,5 млрд долларға арттырады
Фото: Үкімет 23.06.2022 10:00 1396

Бұл құжат ел экономикасына тартылатын инвестициялардың өсуіне айтарлықтай ықпал ететін болады, деп хабарлайды El.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Тұжырымдама бойынша 2026 жылы негізгі капиталға инвестициялар деңгейін ЖІӨ-нің 25,1%-не дейін жеткізуді және тікелей шетелдік инвестициялар көлемін $25,5 млрд дейін ұлғайтуды көздейтін ауқымды мақсатты индикаторлар белгіленгенін атап өтті.

Сонымен қатар Үкімет басшысы бірқатар тапсырма берді

«Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер Инвестициялық саясат тұжырымдамасындағы іс-шаралардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі қажет. Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктері орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Тұжырымдаманың жаңа мақсатты индикаторларының декомпозициясын жасауы керек. Сыртқы істер министрлігіне Инвестициялық штаб отырыстарында инвестициялар тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен іске асырылып жатқан жобалар туралы салалық министрліктер мен әкімдіктерді тыңдау кестесін жасауды тапсырамын», - деді Әлихан Смайылов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға