Жаңалықтар

«Қуатты армия – қуатты Қазақстан» атты көрме өтті

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл
«Қуатты армия – қуатты Қазақстан» атты көрме өтті
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 21.04.2022 18:15 4704

Ұлттық музейде «Қуатты армия – қуатты Қазақстан» атты көрменің ашылуы өтті.

Көрме ҚР Қарулы Күштерінің құрылу және даму тарихы туралы тың деректерді насихаттау, қарулы күштерді дамытудың негізгі бағыттары, сондай-ақ елдің әскери қауіпсіздігін нығайтудағы әскери-саяси басшылықтың рөлін көрсетуді мақсат етті.

«Қуатты армия – қуатты Қазақстан» атты көрме өтті

«Қуатты армия – қуатты Қазақстан» атты көрме өтті

Көрменің ашылу салтанатында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің, Орталық әскери оркестрінің әртістері, «Жас сарбаз» балалар студиясының тәрбиеленушілері, сондай-ақ ҚР ҚМ Құрмет қарауыл ротасы өнер көрсетті.

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов көрмені өткізудегі басты мақсат қазақ халқының рухани мұрасын, ұлттық сана сезімін, патриоттық тәрбиесін нығайту екенін айтты.

«Қуатты армия – қуатты Қазақстан» атты көрме өтті

– Бұл ретте Ұлттық музейдің жұмысын ерекше атап өткен жөн. Отан қорғаушылар мен жеңіс күнімен құттықтаймын. Халқымыздың іргесі тыныш болып, бейбітшілігіміз берік болсын, – деді ол.

«Қуатты армия – қуатты Қазақстан» атты көрме өтті

Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы айтқандай, көрмеде Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылда жеткен жетістігі көрсетілген.

– 30 жыл ішінде Қазақстанда бірде-бір шайқас болған жоқ. Орта Азиядағы көршілеріміз бен басқа елдер бір-бірімен қақтығысып жатқанда, қазақтың жеріне ешкім көзін алартуға да шамасы жеткен жоқ. Бұл – қазақ халқы рухының мықтылығы мен Қарулы күштер мүмкіндігінің жоғары деңгейінің көрінісі. ҚР бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов бар. Басқа да генералдарымыз бар. Ортамызда Сұлтан Бүркітбайұлы отыр. Қарулы күштер жоғары деңгейде екенін әркез дәлелдеп жүр, – деді Мұхмедиұлы.

«Қуатты армия – қуатты Қазақстан» атты көрме өтті

Ал Президент архивінің директоры Әлия Мұстафина 2022 жыл Қарулы күштер үшін тарихи дата екенін атап өтті.

– 1992 жылы құрылған Қарулы күштер еліміздің тұрақтылығы мен елдігіміздің кепілі екені баршамызға аян. Өз өмірін Отан қорғауға арнаған адал азаматтарымыз ерекше құрметке ие. Оларға халқымыздың қауіпсіздігі мен бейбіт аспан астындағы өмір үшін ризашылығымды білдіремін, - деді Мұстафина.

«Қуатты армия – қуатты Қазақстан» атты көрме өтті

«Қуатты армия – қуатты Қазақстан» атты көрме өтті

Көрменің негізгі экспонаты ҚР Қарулы Күштерін құру және ҚР тұңғыш Қорғаныс министрін тағайындау туралы Жарлыққа қол қою кезіне арналған инсталляция болып табылады.

«Қуатты армия – қуатты Қазақстан» атты көрме өтті

Көрмеге М.Б.Греков атындағы әскери суретшілер студиясының қылқалам шеберлері салған туындылары қойылып, бүгінгі Қазақстан әскерінің әл-ауқаты көрермен назарына ұсынылды.

«Қуатты армия – қуатты Қазақстан» атты көрме өтті

Шара барысында ҚР Президенті Мұрағатының авторлық ұжымы және ҚР Қорғаныс Министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері. 1991-2001: құжаттар мен материалдар жинағы» кітабының таныстырылымы өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға