Жаңалықтар

«Dimash Qudaibergen» көшеті елорданың Ботаникалық бағына берілді

Ерекше өсімдіктер екі ел арасындағы достықтың символына айналады.
 «Dimash Qudaibergen» көшеті елорданың Ботаникалық бағына берілді
Фото: dimashnews.com 22.06.2022 14:02 895

Babite Латвиялық паркінің «Қазақстан бұрышында» родендронның «Dimash Qudaibergen», «Miuaniz» және «Qazaqstan» жаңа сұрыптарының сертификаттары табыс етілді, – деп хабарлады El.kz порталы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Өткен аптада «Babite» латвиялық рододендрондар паркінің таңғажайып әдемі табиғаты аясында Қазақстан Республикасының Латвиядағы елшілігінің өкілі Айнұр Ахметова мен парк басшылығының қатысуымен «Dimash Latvia Dears» фан-клубының кездесуі өтті. Кездесу осы жылы атап өтілетін екі ел арасындағы достықтың 30 жылдығына арналды.Бұл ерекше өсімдіктер екі ел арасындағы достықтың тағы бір символына айналады.

Гүлденген рододендрондардың ортасында көптен күткен «Dimash Qudaibergen», «Miuaniz» және «Qazaqstan» сұрыптарының Британдық халықаралық тіркелімінің сертификаттары табыс етілді. Осы ерекше сорттардың пайда болу тарихы туралы аудио нұсқаулық пен гид-планшет ашылды.

Сондай-ақ жеделдетілген әдіспен алынған «Dimash Qudaibergen» сортты рододендронның алғашқы сегіз эксклюзивті көшеттерінің тұсаукесері өтті. Екі көшет Латвияда қалады. Үшеуі әртістің өзіне және үшеуі Қазақстан астанасының Ботаникалық бағына, Нұр–Сұлтан қаласына сыйға тартылады. Іс-шара барысында Айнұр Ахметова Латвияның ең танымал тұлғалары Президент Эгилс Левитстен бастап, Ұлы Дала Еліне латыш тілінде өз тілектерін білдірген «Латвиялықтар Қазақстан туралы» кітабының түрлі-түсті басылымын таныстырды. Мұнда қазақ тіліне аударма жасалған. Бұл басылымның даналары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріне жіберілді. Сондай-ақ естелік кітап Димаштың отбасына беріледі.

Одан әрі кездесу бейресми жағдайда қазақстандық әртістің әндеріне арналған қазақ және Латвия ұлттық тағамдарымен жалғасты. Айнұр Ахметова қатысушыларды өз тілінде қарсы алып, Димаштың бүкіл әлемде өз Отанының мәдениетін ілгерілетуге қосқан үлкен үлесі туралы айтты, «Dimash Latvia Dears»  клубына осы бағытта атқарылған жұмысы үшін алғыс айтты және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға