Қандастар Ассамблея

Бүгін Бейжіңдегі Қысқы олимпиада ойындарында төрт жүлде жиынтығы сарапқа салынады

14.02.2022 560

14 ақпанда Бейжіңдегі Қысқы олимпиада ойындарында төрт жүлде жиынтығы ойнатылады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қазақстандық спортшылар Ақмаржан Қалмұрзаева мен Жанбота Алдабергенова шаңғы акробатикасында фристайлдан медаль үшін бақ сынайды. Фристайлдан жарыс өтетін Genting қарлы саябағында (ҚХР, Хэбэй провинциясы) жексенбі күні қар көп жауғандықтан жарыс 14 ақпанға ауыстырылды. Фристайл-акробатикадан екі жіктік іріктеу мен екі ақтық сын өтеді. Жарысқа 25 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан Ақмаржан Қалмұрзаева мен Жанбота Алдабергенова ел намысын қорғайды.

Чжанцзякоуда «слоупстайлдан» фристайлшылар квалификациясы өтеді. Мұнда үлкен трамплиннен шаңғымен секіруден командалық ерлер жарысының жеңімпазы анықталады.

Яньцин Ұлттық санно-бобслейн орталығында монобобтан алғашқы олимпиада чемпионы анықталады. Бұл Бейжіңдегі 2022-Қысқы олимпиада ойындарындағы жаңа дисциплиналардың бірі. Америкалық Кейли Хамфрис көш бастап келеді.

Дүйсенбі күні мәнерлеп сырғанау жарысында «мұзда билеуден» Франция (Габриэлла Пападакис пен Гийом Сизерон), Ресей (Виктория Синицина мен Никита Кацалапов) және АҚШ (Мэдисон Хаббел мен Закари Доньхью) би дуэттері «алтынға» таласады. 

Дүйсенбі әйелдер хоккей турнирінде жартылай финал өтеді.

baq.kz

Ұқсас материалдар