459.92
505.77
6.57

IQanat республикалық олимпиадасы басталды

Олимпиадағы 750-ден астам оқушы қатысты.
22.06.2022 12:22 938

Нұр-Сұлтан қаласында IQanat қоғамдық қоры ұйымдастырған республикалық балалар олимпиадасының бірінші кезеңі басталды, - деп хабарлайды El.kz.

IQanat қоғамдық қоры арнайы ауыл мектерінің оқушылары үшін ҚР Білім министрлігінің қолдауымен жыл сайын Қазақстандағы ең ауқымды «Iqanat» республикалық олимпиадасын өткізеді. Биыл олимпиада екі жылдық пандемиядан кейін офлайн өтті. Олимпиадаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 750-ден астам оқушы қатысты.


– 2022 жылдың 21-25 маусымында 750-ден астам ақтық сынға жетуші елордаға слетке келгенде олимпиаданың қорытынды кезеңдерінен өтумен ғана шектелмейді. Жеңімпаздарға Бурабайдағы мектеп-пансионатта оқуға 100 грант беріледі. Барлық финалист олимпиададан кейінгі әртүрлі қарқынды бағдарламамен қамтылады. Біздің бағдарламаларымыздың түлектері – ауыл мектептерінің оқушылары – Nazarbayev University, University of Purdue, Polytechnic University of Hong Kong, University of Chicago және тағы басқа жоғары оқу орындарына түседі», - деді «Iqanat» қорының атқарушы директоры Камила Башарова.

Ертен олимпиаданың екінші кезеңі өтеді. Қазақстанның әр өңірінен келген 7,8,9 сынып оқушылары биология, физика, химия, математика, Қазақстан және дүниежүзі тарихы мен география пәндерінен 120 сұраққа жауап береді. Ағылшын тілін бонустық пән ретінде тапсыруға мүмкіндік берілген.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Жаңалықтар