Жаңалықтар

Қостанай облысы

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ – Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлігі. 1936 жылы 29 шілдеде бұрынғы Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде құрылған.
18.02.2014 13:12 8314

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ – Қазақстан Республикасының әкімш.-аумақтық бөлігі. 1936 ж. 29 шілдеде бұрынғы Қостанай мен Торғай губ-ларының негізінде құрылған. Құрамында 5 қала, 13 кент, 16 аудан, 808 ауылдық (селолық) елді мекен бар. Орт. – Қостанай қ. Жер аум. 196,0 мың км2. Тұрғыны 913,3 мың адам (2004). Облыстың геогр. орны өте қолайлы. Ол солт.-батысы мен солт-нде Ресейдің Орынбор, Челябинск, Қорған облыстарымен, шығысында және оңт.-шығысында Қазақстанның Солт. Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңт.-батысында Ақтөбе облысымен шектеседі.

Обл. аумағы негізінен жазық дала. Солт-тен оңт-ке қарай тым созылып жатуына байланысты (740 км) әр түрлі физ.-геогр. белдеулерден тұрады: батыс жағында Орал маңы үстіртін (250 – 400 м), солт-нде Бат. Сібір ойпатының (150 – 200 м) оңт. бөлігін, оңт-нде Торғай үстіртінің басым бөлігін (250 – 300 м), қиыр оңт.-шығысында Сарыарқаның батыс бөлігін (450 – 500 м) қамтиды. Орал маңы үстірті негізінен, шығысқа қарай еңістене келіп, солт-нде Золотая Сопка (Алтын шоқы) тұсымен, оңт-нде Тобыл өз-нің жоғарғы ағысының аңғарымен шектеледі. Мұның оңт. жағында жекелеген шоқылар (мыс., Жітіқара тауы, 414 м, т.б.) кездеседі. Бат. Сібір ойпатының оңт-н көл қазаншұңқырлары бар Қостанай жазығы мен Обаған-Есіл суайрығы және Есіл жазығы алып жатыр. Облыстың оңт-ндегі Торғай үстіртінің солт. бөлігін көл қазаншұңқырлары мол Солт. Торғай жазығы (Құсмұрын к-нен Тобыл өз-не дейінгі суайрықты), орта бөлігін Сыпсыңағаш қолатымен және Өлкейек, Қабырға, Теке, Сарысу өзендерімен тілімденген Торғай үстіртінің орта бөлігі алып жатыр. Мұндағы суайрықтарды Қарғалы (310 м), Теке (262 м), Қызбел (219 м) және Сарыадыр (360 м) деп аталатын төрткіл тау жұрнақтары, қиыр солт.-батысында Қоңыртау орналасқан. Торғай үстіртінің жалғасы саналатын Оңт. Торғай жазығы Сарықопа к-нің оңт. бөлігін қамтиды. Ол Торғай мен өлыжыланшық өзендерімен тілімденген. Облыс аумағының бір ерекшелігі – оның қиыр оңт.-батысынан солт-не қарай Торғай, Сарыөзен және Обаған өзендерінің аңғарларын қамти отырып, Тобыл өз-не дейін жететін ұз. 700 км Торғай қолаты жатыр. Облыстың ең биік бөлігі шоқылы келген Сарыарқа бөлігі. Мұнда Қарақұс (Шарықты шыңы, 397 м), Көкшетау (478 м), Қайыңдышоқы (569 м), т.б. көптеген тау-шоқылары кездеседі. өлыжыланшық пен Қараторғай өзендерінің суайрығын Жыланшықтүрме қыраты алып жатыр. Қ. о-ның жер қойнауы кен байлықтарына өте бай. Мұнда магнетиттік және оолиттік темір кендерінің, бокситтің, алтынның, никельдің, асбесттің, қоңыр көмірдің, құрылыс материалдарының (цементтің, флюстік әктастың), доломиттің, отқа төзімді балшықтың, қыш және кірпіш балшықтарының, әйнектік құмның, граниттің, диориттің, құмтастың, т.б. мол қоры бар. Облыс климаты тым континенттік. Қысы суық және ызғарлы, қаңтардың орташа темп-расы солт-нде –18 – 19ӘС, оңт-нде –16 – 17ӘС. Кейбір қатаң жылдары –40ӘС-тан да төмен болады. Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айға дейін жатады. Жазы біршама ыстық, шілденің орташа темп-расы 19 – 20ӘС. Кей жылдары 35 – 40ӘС-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. солт-тен оңт-ке қарай 300 мм-ден 170 мм-ге дейінгі аралықта, оның 70 – 75%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. Облыста қуаңшылық болып тұрады. Кейінгі 50 жылдың мәліметі бойынша қуаңшылық әр 10 жылда 3 – 4 рет қайталанған. Желсіз күндер аз. Желдің жылдық орташа жылд. солт-нде 4 – 4,5 м/с-тан, оңт-нде 5 – 6 м/с-қа жетеді. Солт-нде оңт.-батыс және оңт. желдер, оңт-нде солт. және солт.-шығыс желдер басым. 
Қ. о. өзендер мен көлдерге бай. Өзендер Тобыл мен Торғай және өлыжыланшық өзендерінің алабына жатады. Тобыл өз-нің алабына жататын өзендер (Үй, Тоғызақ, Әйет, Желқуар, Шортанды) бастауларын Орал маңы үстіртінен, ал Обаған өз. Торғай қолатының орт. тұсынан алады. Торғай алабындағы өзендер, негізінен, Торғай және оның салалары бастауларын Торғай үстіртінен (Өлкейек, Қабырға, Теке) және Сарыарқаның батыс беткейінен (Сарыөзен, Мойылды және Үлкен Дәмді, Жалдама, Қарынсалды, Тасты, Ащытасты, Қараторғай, Сарыторғай, Үлкен Сабасалды, Сабасалды, т.б.) алады. Облыстың қиыр оңт-нде Торғай өз. алабынан бастау алатын өлыжыланшық өз. Жақсы Ақкөлге құяды. Қ. о-нда 7 мыңнан астам көл бар. Олар көбіне тұщы келеді. Тұзды көлдер Солт. Торғай жазығында, Сыпсыңағаш пен Торғай қолаттарының орт. тұстарында шоғырланған. Көлдердің ең ірілері Торғай қолатында (Сарықопа, Күйік, Ақсуат, Сарымойын, Құсмұрын, Алакөл, Теңіз, т.б.), облыстың солт.-шығысында (Қойбағар, Алабота, Тімтәуір, Жаншора, Биесойған, Сарыкөл, Сарыоба, Жасылбағар, Қарақамыс, Тоқта, т.б.) солт.-батысында (Шұбаркөл, Сасықкөл, Үлкен Бөрілі, Тоқтас, Жолжарған, т.б.), Солт. Торғай жазығында (Шыбындысор, Айқаныс, Қарасор мен Тентексор көлдер топтары, т.б.), Сыпсыңағаш қолатында (Қулыкөл, Кіндікті, Орқаш, Жақсыбай, Шоғыркөл, Мамыркөл, т.б.) және оңт-нде (Жалтырсор, Барақсор, Тентексор, Жаман Ақкөл, Жақсы Ақкөл, Ащы Алакөл, т.б.) орналасқан. Кейбір тұзды көлдердің (Әулиесор, Сабынды, Қарабасты, Қарақалпақ, Жылысор, Балықты, Ақсуатсор, т.б.) емдік және курорттық маңызы бар. Тобыл мен Торғай өзендеріне және олардың салаларында көптеген бөгендер мен суару жүйелері салынған. Олар Тобыл өз. мен оның салаларында Жайылма, Жоғарғы Тобыл, Қаратомар, Қостанай, Желқуар, Шортанды бөгендері, Торғай өз-нде Албарбөгет суару жүйесі мен Үлкен Дәмді өз-ндегі көлдетіп суару жүйесі, т.б. Жер асты сулары облыстың барлық жерінде бар. Олар мезо-кайнозойдың құмды-сазды шөгінділері мен палеозой жыныстарында шоғырланған.
Қ. о-ның аумағы үш ірі топырақ белдемінде орналасқан. Солт. жағын қара топырақ, орт. бөлігін қоңыр-қызғылт топырақ, ал оңт. бөлігін сұр топырақ белдемі алып жатыр. Қара және қоңыр-қызғылт топырақтар облыстың солт. және орт. аудандарында егін ш. мен мал ш-н өркендетуге қолайлы. Оңт-тегі сұр топырақты бөлігі құнарлығының төмен болуына байланысты негізінен, мал ш-на қолайлы.
Облыс жеріндегі топырақ жамылғысының бойлық бағытта белдемдік байланыстағы өсімдік жамылғысы таралған. Оның солт. жіңішке бөлігін орманды-дала белдемі алып жатыр. Орманды жерлері негізінен, әр түрлі бұталар өскен терек аралас қайыңды шоқтардан тұрады. Кей жерлерде олар едәуір алқапты қамтитын қайыңды орман өңірлерін құрайды. Дала белдемі әр түрлі шөбі басым селеу мен боздан тұрады, ал құрғақ дала белдемінде, негізінен, әр түрлі шөптер араласқан бетегелі-селеулі шөптер өседі. Дала және құрғақ дала белдемдерінің құмдақ топырақты жерлерінде қайың мен қарағайы басым Арақарағай, Аманқарағай және Наурызымқарағай ормандары өскен. Наурызымқарағай шоқ орманы негізінде 1930 ж. мемл. қорық ұйымдастырылды (қ. Наурызым қорығы).
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға