Жаңалықтар

Шаруашылық түйіндері

СОКП Орталық Комитетінің 1985 жылғы сәуір Пленумы қоғам өмірінің жаңа бағыттарын айқындап берді. Алайда қоғам өмірінің барлық салаларын жаңғырту бағыты нашар болды. Шаруашылықтың бұрынғы механизмі бұзылды, бірақ жаңасы жасалмады. Атап айтқанда, қайта құру жылдарында, бүкіл еліміздегі сияқты, өнеркәсіптің негізгі қорын жаңарту қолдан келмеді. 1990 жылы соғыстан кейінгі уақытта тұңғыш рет өндірістің көлемі мен тиімділігі азая бастады. Әрбір екінші кәсіпорын өнеркәсіп өнімдерін шығаруды кемітуге жол берді. Өнеркәсіп құрылысының ырғақтары күрт төмендеп кетті. Сегіз кәсіпорын дүниежүзінің 13 елімен сауда-саттық операцияларын жүргізгенімен, 1990 жылы сыртқа өнімдер шығару Солтүстік Қазақстанның тауарлы өндірісі көлемінің 1,3 пайызын ғана құрады. 1930 жылдан бастап алғаш рет жұмыссыздық мәселесі туындады: 1990 жылы Петропавлдың еңбекке орналастыру орталығына 10 мың адам келді. Билік пен басқару органдарының қызметіндегі басты бағыт меншік түрлерін өзгерту болды. 1990 жылдан бастап облыста көпдеңгейлі экономиканы қалыптастыру басталды. 30-дан аса шағын кәсіпорын мен ұйым, мемлекеттік ұжымдық меншік түріндегі екі ассоциация, екі акционерлік қоғам, бір концорциум және 14 шаруа қожалығы тіркелді. 1992 жылғы қаңтарда бағаларды еркіне жіберу қоғамдық және экономикалық құрылысты өзгерте бастады. Беловежескідегі келісімдер бұрынғы одақтас республикалардың экономикалық және саяси байланыстарының бұзылуына әкеліп соқтырды. 1991-1995 жылдары өнеркәсіп өндірісі одан сайын құлдырап, 1995 жылы 1990 жылғы деңгейдің 39,3 пайызын ғана құрады. Петропавлдың жоғары техникалық күш-куаты және маман жұмысшы күштері болған ірі кәсіпорындары әскери-өнеркәсіп кешендерінің нысандары еді. Әскери тапсырыстарды алып тастау олардың жағдайын тұйыққа тіреді. Жеңіл және жергілікті өнеркәсіпте, құрылыс индустриясында және, әрине, құрылыста өндірістің құлдырауына жол берілді. Тұрғындардың таяу және алыс шетелдерге қоныс аударуы орын алды. Жүздеген ұжымшарлар мен кеңшарлар тарап кеткен кезде олардың орнын басқан жекелеген реформаланған шаруашылықтар нарыққа енудің айғақтарын іс жүзінде көрсете білді. Мысалы "Новоникольский" ұжымдық кәсіпорыны мал басын сақтап қалды, сүт және ет өндірісін ұлғайтты, 1995 жылы гектар басы 16 центнерден өнім алды, өзінің өңдеу нысандарын және өнімдер өткізу жүйесін жасады. Озат және нашар шаруашылықтардың арасындағы айырмашылықтар қабілетті, жағдайды айыра білетін басшы кадрлардың оң шешімдер қабылдай алатындығын, нарық талаптарына бейімделетіндігін айғақтады. Қорғаныс және машина жасау кешендерінің кәсіпорындары өндірісті экспортқа шығарылатын және импорттан келетін өнімдерді алмастыра алатын өнімдерді өндіруге көшіруді басты бағыт ретінде айқындады. жылы өнеркәсіп тауарларын шығаратын өндірістік кәсіпорындары оларды 28,5 миллиард теңгеге өндірді. Мұның өзі 2001 жылғы деңгейден 3,4 пайыз жоғары. 2003 жылы өндіріс қарқынын ұлғайту сақталды. Жер реформасының нәтижесінде, мемлекеттік меншіктен мемлекеттік емес меншікке көшкенде, ұжымшар-кеңшар жүйесінің орнына жеке меншікке негізделген нарыққа бағыт ұстаған ауыл шаруашылық құрылымдары келген кезде облыстың аграрлық секторының ұйымдастыру-құқықтық құрылымында өзгерістер болды. Кеңшарлар мен ұжымшарлардың негізінде 657 шаруашылық серіктестіктері, 43 өндірістік кооперативтер, 6 мыңнан аса шаруа қожалықтары құрылды. * * * Алайда Солтүстік Қазақстан өңірі экономикасының кең ауқымды және жан-жақты қайта өрлеуі, соған сәйкес түрғындардың тұрмыс деңгейінің өсуі 2004 жылы басталды. Бірақ бұл жайлы кітаптың басқа тарауларында сөз болады.
03.04.2013 23:45 3160

СОКП Орталық Комитетінің 1985 жылғы сәуір Пленумы қоғам өмірінің жаңа бағыттарын айқындап берді. Алайда қоғам өмірінің барлық салаларын жаңғырту бағыты нашар болды. Шаруашылықтың бұрынғы механизмі бұзылды, бірақ жаңасы жасалмады. Атап айтқанда, қайта құру жылдарында, бүкіл еліміздегі сияқты, өнеркәсіптің негізгі қорын жаңарту қолдан келмеді. 1990 жылы соғыстан кейінгі уақытта тұңғыш рет өндірістің көлемі мен тиімділігі азая бастады. Әрбір екінші кәсіпорын өнеркәсіп өнімдерін шығаруды кемітуге жол берді. Өнеркәсіп құрылысының ырғақтары күрт төмендеп кетті. Сегіз кәсіпорын дүниежүзінің 13 елімен сауда-саттық операцияларын жүргізгенімен, 1990 жылы сыртқа өнімдер шығару Солтүстік Қазақстанның тауарлы өндірісі көлемінің 1,3 пайызын ғана құрады. 1930 жылдан бастап алғаш рет жұмыссыздық мәселесі туындады: 1990 жылы Петропавлдың еңбекке орналастыру орталығына 10 мың адам келді.

Билік пен басқару органдарының қызметіндегі басты бағыт меншік түрлерін өзгерту болды. 1990 жылдан бастап облыста көпдеңгейлі экономиканы қалыптастыру басталды. 30-дан аса шағын кәсіпорын мен ұйым, мемлекеттік ұжымдық меншік түріндегі екі ассоциация, екі акционерлік қоғам, бір концорциум және 14 шаруа қожалығы тіркелді. 1992 жылғы қаңтарда бағаларды еркіне жіберу қоғамдық және экономикалық құрылысты өзгерте бастады. Беловежескідегі келісімдер бұрынғы одақтас республикалардың экономикалық және саяси байланыстарының бұзылуына әкеліп соқтырды. 1991-1995 жылдары өнеркәсіп өндірісі одан сайын құлдырап, 1995 жылы 1990 жылғы деңгейдің 39,3 пайызын ғана құрады.

Петропавлдың жоғары техникалық күш-куаты және маман жұмысшы күштері болған ірі кәсіпорындары әскери-өнеркәсіп кешендерінің нысандары еді. Әскери тапсырыстарды алып тастау олардың жағдайын тұйыққа тіреді. Жеңіл және жергілікті өнеркәсіпте, құрылыс индустриясында және, әрине, құрылыста өндірістің құлдырауына жол берілді. Тұрғындардың таяу және алыс шетелдерге қоныс аударуы орын алды. Жүздеген ұжымшарлар мен кеңшарлар тарап кеткен кезде олардың орнын басқан жекелеген реформаланған шаруашылықтар нарыққа енудің айғақтарын іс жүзінде көрсете білді. Мысалы "Новоникольский" ұжымдық кәсіпорыны мал басын сақтап қалды, сүт және ет өндірісін ұлғайтты, 1995 жылы гектар басы 16 центнерден өнім алды, өзінің өңдеу нысандарын және өнімдер өткізу жүйесін жасады.

Озат және нашар шаруашылықтардың арасындағы айырмашылықтар қабілетті, жағдайды айыра білетін басшы кадрлардың оң шешімдер қабылдай алатындығын, нарық талаптарына бейімделетіндігін айғақтады.

Қорғаныс және машина жасау кешендерінің кәсіпорындары өндірісті экспортқа шығарылатын және импорттан келетін өнімдерді алмастыра алатын өнімдерді өндіруге көшіруді басты бағыт ретінде айқындады.

жылы өнеркәсіп тауарларын шығаратын өндірістік кәсіпорындары оларды 28,5 миллиард теңгеге өндірді. Мұның өзі 2001 жылғы деңгейден 3,4 пайыз жоғары. 2003 жылы өндіріс қарқынын ұлғайту сақталды.

Жер реформасының нәтижесінде, мемлекеттік меншіктен мемлекеттік емес меншікке көшкенде, ұжымшар-кеңшар жүйесінің орнына жеке меншікке негізделген нарыққа бағыт ұстаған ауыл шаруашылық құрылымдары келген кезде облыстың аграрлық секторының ұйымдастыру-құқықтық құрылымында өзгерістер болды. Кеңшарлар мен ұжымшарлардың негізінде 657 шаруашылық серіктестіктері, 43 өндірістік кооперативтер, 6 мыңнан аса шаруа қожалықтары құрылды.

* * *

Алайда Солтүстік Қазақстан өңірі экономикасының кең ауқымды және жан-жақты қайта өрлеуі, соған сәйкес түрғындардың тұрмыс деңгейінің өсуі 2004 жылы басталды. Бірақ бұл жайлы кітаптың басқа тарауларында сөз болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға