El.kz сайты универсиадаға жаңа жоба арнады

Онлайн-парақша іске қосылды.

Алатау бөктерінде өтетін XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиаданың басталуына санаулы ғана күндер қалды. Байрақты бәсеке 28 қаңтар басталып, 8 ақпанға дейін жалғасады.

FISU альянсына кіретін 50 елден бес мыңнан астам студент қатысады деп жоспарланған намысты дода – универсиада жарыстары туралы толыққанды ақпарат тарату мақсатында El.kz сайтының арнайы жобасы – онлайн-парақша іске қосылды. Аталмыш медиа-ресурс арқылы спорттық жарыстар туралы кеңірек ақпарат ала аласыз.

Сондай-ақ онлайн-парақшада орналасқан виртуалды квестке қатысып, түрлі ойындар ойнау барысында тапсырмалар орындауға болады. Квест – деген не? Виртуалды квест ой-өрісті дамытады әрі универсиада шеңберінде өтетін спорттық жарыстар туралы пайдалы ақпаратқа қанығасыз. Квестке қатысқаннан кейін нәтижесін кез-келген әлеуметтік желіде бөлісіп, ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігі бар. Сәттілік серік болса универсиадаға тегін билет ұтып алуға болады.

Оқырмандарды қызықтыру мақсатында «Универсиадаға қай спорт түрінен қатысар едің?» атты тест жұмыс істейді. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін пайдаланушы нәтижесін әлеуметтік желілерде бөлісе алады. Сен де тест сауалдарына жауап беріп, спортқа деген құлшынысыңды достарыңа көрсет.    

Танымдық әрі пайдалы контенттен тыс онлайн репортаж жүргізетін қосымша айдарды тамашалай аласыз. Жылдам әрі сапалы ақпарат, жаңалықтар топтамасын онлайн трансляция арқылы көруге мүмкіндігіңіз бар.    

El.kz сайтының универсиада ойындарына арналған арнайы жобасы – онлайн-парақшасын бақылаңыздар!