Жаңалықтар

ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты А. Мурадов ҚХА XXVII сессиясы қарсаңында «Вайнах» бірлестігінің мүшелерімен кездесті

ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты А. Мурадов ҚХА XXVII сессиясы қарсаңында «Вайнах» бірлестігінің мүшелерімен кездесті
29.04.2019 00:00 2113

ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Ахмет Мурадов «Вайнах» ҚБ мүшелерімен кездесті.

Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен әр өңірден келген «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестіктері өкілдерінің жыл сайынғы кездесуі өтті.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Ахмет Мурадовтың басшылығымен өткен отырыста шешен-ингуш этномәдени бірлестіктерінің атқарып жатқан жұмыстарының барысы баяндалып, мақсат-міндеттер мен болашақта жүзеге асырылуы тиіс жоспарлар жайы қозғалды.

Биылғы кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясына орай өткізіліп отыр.

Мәжіліс депутаты Нұр-Сұлтан қаласы Ассамблеясының маңызды іс-шараны ұйымдастырып отырғанына ризалығын білдіріп, ҚХА XXVII сессиясына қатысуға беріліп жатқан мүмкіндік үшін алғыс айтты. Сонымен қатар кездесуге қатысушыларды алда келе жатқан Қазақстан халқы бірлігі мерекесі меркесімен құттықтады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда шешен-ингуш өкілдерінің саны отыз мыңнан асады, басым көпшілігі Алматы, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл өңірлерінде тұрып жатыр.

Алғашқы рет 1989 жылы Алматыда шешен-ингуш ұлттық-мәдени орталығы пайда болды. 1995 жылы ол шешен және ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қауымдастығы ретінде «Вайнах» деп аталды. Оның құрамына Қазақстанның барлық облыс орталықтарының шешендері мен ингуштарының ұлттық-мәдени бірлестіктері кіреді.

«Вайнах» қауымдастығының бірінші тең төрағалары болып философия ғылымдарының докторы, профессор А. Яндаров және геология-минерология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі С. Оздоев сайланды. 1997 жылы А. Яндаровтың орнына қауымдастықтың тең төрағасы болып Дүниежүзілік шешен конгресінің вице-президенті А. Мурадов сайланды.

«Вайнах» қауымдастығы 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясына бірігіп, оның жетекшілері Ассамблея Кеңесінің мүшелері болды.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға