Жаңалықтар

ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО: КҮЙ – ІШКІ ӘЛЕМНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ҒАНА ЕМЕС, БҰЛ БІЗДІҢ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ИГІЛІГІ

ЛЕОНИД ПРОКОПЕНКО: КҮЙ – ІШКІ ӘЛЕМНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ҒАНА ЕМЕС, БҰЛ БІЗДІҢ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ИГІЛІГІ
26.11.2018 09:32 1795

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің спорт кешенінде «Ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар» атты театрландырылған қойылым көрсетілді.

Салтанатты шарада Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко сөз сөйледі.

Ол «Қазақтану» жобасы біздің құндылықтарымызды сақтау бойынша білу, есте сақтау және мақтан етуге арналған жұмыс екенін атап өтті.

«Өйткені біз, қазақтар, ежелгі дәстүр бойынша «шаңырақ иесі» ретінде және Қазақстанға өз еңбегіміздің, өнеріміздің, еліміздің өркендеуіне қызмет етеміз», – деді ҚХА төрағасының орынбасары.

Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Қазақстан түркілердің атажұрты – қасиетті «Қара шаңырағы» деген сөзін келтіре отырып, осыдан біздің даладан түркі тайпалары мен халықтары әлемнің әр түкпіріне тарап кетті…» дегенді жеткізді. Леонид Прокопенко көрермендерге «Ұлы даланың ұлы өркениетінің» қолдан жасалған дәлелі болып табылатын Ұлы Сарайшық қаласының тарихын сақтаушылар, Дамасктің билеушісі – Ұлы Бейбарыстың ұрпақтары екенін айтып өтті.

«Біздің бүгінгі іс-шарамыз Президенттің «өз шыққан тегіңді, сондай-ақ бүкіл ұлттық тарихты терең және тұтастай түсіну» идеясының жарқын көрінісі болып табылады. Бұл оңай емес, бірақ өте қызықты және қажетті жұмыс», – деп атап өтті Ассамблея басшысының орынбасары.

Л. Прокопенко атап өткендей, әрбір өңір Ұлы тұлға арқылы қабылданады.

«Біздің бала кезімізден «Күй атасы – Құрманғазы, күй Отаны – Атырау» деген құлағымызға сіңіп өскенбіз. Домбыраның шектерінен төгілген ғажап күйлер бәрімізге ыстық, алайда атыраулықтардың оларға деген ерекше көңіл-күйі бар. Күй – бұл тек ішкі әлемнің жай-күйі емес, бұл біздің халқымыздың игілігі, оны ұрпақтан-ұрпаққа сақтап, жеткізетіндеріңіз үшін рақмет», – деді ҚХА басшысының орынбасары.

Ол өңір тұрғындарына ұлттық кодты сақтағаны, «Туған жерге» деген махаббаты, бірлік пен тұрақтылық, еліміздің дамуына еңбек еткендері үшін алғысын білдірді.

Іс-шара барысында түрлі этностардың өкілдері сахнада қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы «Тұсаукесер», «Бесікке салу», «Келін түсіру», «Беташар» және т.б. қойылымдар көрсетті. Көрермендер назарына «Айтыс» ақын-импровизаторлар, қазақ және басқа халықтардың ұлттық би өнерінің композициялары ұсынылды.

Театрландырылған қойылымға ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, Атырау облысының ҚХА, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктер, қоғамдық бірлестіктер мен қорлар, жастар ұйымдары, Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңесі, меценаттар, донорлар, ЖОО студенттері, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға