Жаңалықтар

Бұл күні – 8 мамыр

Бұл күні – 8 мамыр
08.05.2019 00:00 4336

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қайраткерлік қызметінің жылнамасы. 

2005 жыл: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Саммит қорытындысы бойынша мемлекет басшылары Гуманитарлық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды. Бұл декларация мәдениет, ғылым, білім беру және жастармен жұмыстағы көпжақты байланыстарды дамытудың басты кезеңдерін айқындайды.

 

2007 жыл: Мемлекет басшысы ««Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгiзу туралы» №247-ІІІ, «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темiр жол учаскелерi бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темiр жол учаскелерi бойынша тасымалдау төлемдерiн төлеу және жүк тасымалдарын ресiмдеу тәртiбi туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» №248-ІІІ, «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Болгария Республикасының Үкiметi арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келiсiмге өзгерiстер енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» №249-ІІІ, «Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдiгi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» №250-ІІІ заңдарына қол қойды.

Президент сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң 2006 жылғы есебiн бекiту туралы» №324, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 маусымдағы №3985 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» №325, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1270 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» №326 жарлықтарына қол қойды.

 

2008 жыл: Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерімен жұмыс кеңесін өткізді. Онда денсаулық сақтау және білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Кеңесте Денсаулық сақтау министрі А.Г.Дерновой мен Білім және ғылым министрі Ж.К.Түймебаев баяндама жасады.

А.Г.Дерновойдың Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы есебін тыңдай келе, Президент оны жүзеге асырудағы бірқатар кемшіліктерге назар аударды, оның ішінде ана мен бала өлімінің, жүрек-қантамыр ауруларының, туберкулез, онкологиялық аурулар мен жарақат алу ауруларының алдын алу бойынша жұмыстардың бәсеңдігін атап көрсетті. Н.Ә.Назарбаев Үкіметке денсаулық сақтау саласындағы жобаларды іске асыруда мемлекеттік-жеке серіктестіктер тетіктерінің қолданылуын жандандыруды, дәрі-дәрмектерді дистрибуциялау мен медициналық жабдықтарды сатып алуда халықаралық тәжірибені ендіру жолымен дәрі-дәрмектерді сатып алудың тиімділігі мен қауіпсіздігі мәселесін шешуді, сала-уатты өмір салтының құндылықтарын насихаттауды күшейтуді, бұқаралық және балалар спортының дамуына баса назар аударуды, Темекі шегуді шектеу туралы заң нормаларын іске асыруға тиімді бақылау жасауды қамтамасыз етуді, қоғамдық орындарда, мектеп аумағында және басқа да оқу орындарының аумағында темекі шегуге тыйым салуды тапсырды және осы жұмыстарға аталған ұйымдардың басшыларының әкімшілік жауапкершілігін күшейтіп, кешкі және түнгі мезгілде ішімдіктің сатылуын заң жүзінде шектеу қажеттігін тапсырды.

Ж.К.Түймебаевтың Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының алғашқы кезеңі мен 2009-2011 жылдарға арналған жұмыстардың бас-ты бағыттарының іске асырылуы туралы есебін тыңдаған соң, Президент Үкіметке және әкімдерге мектепке дейінгі мекемелердің құрылысын салуға инвестициялар тарту бойынша нақты шаралар қабылдауды, ауыл мектептеріне ерекше назар аудара отырып, мектептердің материалдық-техникалық базасын күшейтуді, үш ауысымдық оқытуды тоқтатуды, халықаралық стандарттарға сай сапалы білім беру процесін қамтамасыз етуді тапсырды.

Мемлекет басшысы сонымен қатар Білім және ғылым министрлігіне жоғарғы білім беру саласына отандық жоғарғы сапалы білімнің халықаралық бағасын ендіруді, Ұлттық бірыңғай тестілеу тетіктерін нақтылауды, оқу әдебиеттері мен оқу бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігіне тексеру жүргізуді тапсырды.

Кеңес қорытындысы бойынша Президент Үкіметке қазақстандықтардың өмір сапасын түбегейлі өзгерту және экономикалық өсуді жеделдету мақсатында денсаулық сақтау мен білім берудің ұзақмерзімді бәсекеге қабілетті үлгілерін жасап, Президент қарауына ұсынуды тапсырды.

 

2009 жыл: Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 64 жылдығын мерекелеу қарсаңында Астана қаласының әкімдігінде болып, елорданың бір топ тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті.

Салтанатты рәсімді ашқан Мемлекет басшысы елорда тұрғындарын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 64 жылдығымен құттықтады.

Салтанатты шара барысында халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына жататын 30 отбасы «Эверест» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің кілттері мен ордерлеріне ие болды. Тағы 20 қоныстанушы - күш құрылымдарының қызметкерлері. Оларға берілген үйді әкімдік Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі шаралар шеңберінде құрылыс компаниясынан құрылысы аяқталмаған кезеңінде сатып алған.

 

2010 жыл: Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өткен ҰҚШҰ мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Бұл саммитке сондай-ақ Ресей Федерациясының Президенті Д.А.Медведев, Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенко, Армения Республикасының Президенті С.А.Саргсян, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Ш.Рахмон, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Ш.М.Мирзияев пен ҰҚШҰ бас хатшысы Н.Н.Бордюжа қатысты.

Бейресми саммит барысында тараптар мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ҰҚШҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша ҰҚШҰ мүше мемлекеттер басшылары Қырғызстандағы жағдай бойынша, сондай-ақ, Ресей мен АҚШ-тың арасында стратегиялық шабуылдау қаруларын әрі қарай шектеу және қысқарту шаралары туралы шарттың жасалуына байланысты бірлескен мәлімдемелер қабылданды.

*****

Сол күні Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өткен ТМД мүше мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Саммитке сондай-ақ Ресей Федерациясының Президенті Д.А.Медведев, Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенко, Армения Республикасының Президенті С.А.Саргсян, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Ш.Рахмон, Түрікменстанның Президенті Г.М.Бердымұхамедов, Украинаның Президенті В.Ф.Янукович, Молдова Республикасы Президентінің міндетін атқарушы М.Гимпу, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Ш.М.Мирзияев пен Атқарушы комитеттің төрағасы - ТМД-ның атқарушы хатшысы С.Н.Лебедев қатысты.

Саммит барысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойы, оның тарихи құндылығы және қазіргі заманның қауіпсіздік сәулетін қалыптастыру барысындағы рөлі секілді мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, Достастық аясындағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және қызметін жетілдіру механизмдері туралы пікір алмасты. Кездесуге қатысушылар сәуір айында Бішкек қаласында болған оқиғаға қатысты Қырғызстан жағдайына да жеке тоқталып өтті. Тараптар «Қырғыз Республикасының халқына ел ішінде тез арада жағдай тұрақталып кетуі үшін гуманитарлық және өзге де көмек көрсету керектігін» айтып, «құқықтық арнаға қоғамдық-саяси жағдайды қайта әкеліп, республикадағы билік институттарын легитимдеу қажеттігін» мәлімдеді.

Саммиттіңқорытындысы бойынша мемлекет басшылары Жеңістің 65 жылдығына байланысты үндеу қабылдады. Құжатта: «Бұл соғыс адамзат тарихында ең сұрапыл және қантөгіс соғыс ретінде мәңгі қалмақ. Елдеріміздің халқы осы соғыстың кесірінен қаншама шығынға ұшырады. Сіздер майданда да, тылда да жүріп асқан күш-жігердің арқасында жауды жеңіп, миллиондаған адамға азаттық әпердіңіздер», - делінген.

Бұдан басқа, гуманитарлық ынтымақтастық туралы Декларация қабылданды. Бұл гуманитарлық саланың барлық аясында, оның ішінде мәдениет, ғылым, білім, жастармен жұмыс секілді салалардағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға негіз болады.

 

2012 жыл: Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Б.Жәмішевті қабылдады. Ол ведомство алдына қойылған тапсырмалар мен міндеттердің орындалу барысы туралы баяндады.

Атап айтқанда, министр жанама салықтарды әкімшілеу функцияларын Кедендік бақылау комитетінен Салық комитетіне табыстау барысы туралы хабардар етті. Оның пікірінше, салықтарды бір фискальды органның жинауы әкімшілеудің тиімділігі мен айқындылығын арттырады, ол өз кезегінде кедендік декларация тапсырудың жеделдеуіне, төлем жасау мерзімін жылжытуға, қайтадан салық салу қаупін болдырмауға және жалпы инвестициялық ахуалдың жақсаруына әкеледі.

Сондай-ақ Б.Б.Жәмішев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында электронды үкіметті одан әрі дамыту және барлық әлеуметтік маңызды қызметтерді электронды форматқа ауыстыру қажеттігі туралы Үкіметке берген тапсырмасының орындалу барысы туралы хабардар етті.

*****

Мемлекет басшысы Д.А.Медведевке оның Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

*****

Мемлекет басшысы бірқатар құжаттарға қол қойды.

 

2013 жыл: Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Еуропа қайта құру және даму банкі арасындағы ынтымақтастық пен Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстан Республикасындағы қызметіне қатысты келісімге қол қою туралы» №564 Жарлығына қол қойды.

 

2014 жыл: Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысының орынбасары У.Бернсті қабылдады.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың негізггі бағыттары, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық саладағы бағыттар қаралды.

Одан басқа, Қазақстанның алдағы ДСҰ кіруіне байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Тараптар сондай-ақ Украина мен Ауғанстандағы жағдайларды қоса алғанда, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті аспектілер бойынша пікір алмасты.

 

2015 жыл: Мемлекет басшысы Астана қаласында өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларға қатысты.

Президент «Отан қорғаушылар» монументі алдындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза болған қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды, содан кейін қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

Салтанатты рәсімге соғыс және еңбек ардагерлері, мемлекеттік органдардың басшылары, дипломатиялық корпустың өкілдері, сондай-ақ елорда тұрғындары қатысты.

*****

Сол күні Мемлекет басшысы ресми сапармен, сондай-ақ ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шеруге қатысу үшін Ресей Федерациясына кетті.

*****

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өткен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.

Саммитке сондай-ақ Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті А.Ш.Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Ш.Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті И.А.Каримов, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - Атқарушы хатшысы С.Н.Лебедев қатысты.

Кездесуге қатысушылар, Кеңес Одағының Еуропа мен бүкіл әлемді фашизмнен құтқарудағы шешуші үлесін атап өте отырып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында 2015 жылға жоспарланған бірлескен іс-шараларды талқылады.

Қазақстан Президенті барлығын келе жатқан мерекелерімен құттықтай келе, сөйлеген сөзінде: «Барлық қазақстандықтар сияқты мен үшін де Ұлы Отан соғысындағы жеңіс әрдайым қаһармандықтың және біздің халықтарымыздың бірлігінің символы болып қала береді. Сол жылдары көрсетілген батырлық пен ерлік, жанқиярлық пен Отанға деген сүйіспеншілік әскери-патриоттық тәрбиенің іргелі негізі болып саналады», - деп мәлімдеді.

Өз кезегінде В.В.Путин Достастық мемлекеттері басшыларының атынан Н.Ә.Назарбаевты өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Қазақстанның биыл ТМД-ға төрағалық ететінін атап өтті.

*****

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты.

Саммитке сондай-ақ Армения Республикасының Президенті С.А.Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А.Г.Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті А.Ш.Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті В.В.Путин, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқа төрағасы В.Б.Христенко қатысты.

Отырыс барысында мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының ағымдағы мәселелерін, ұйым шеңберінде серіктестікті тереңдету перспективаларын және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ Қырғызстанның Одаққа қосылу үрдісін талқылады.

Саммитке қатысушылардың алдында сөз сөйлей отырып, Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартқа қол қойған сәттен бастап бір жыл өткен соң өтіп жатқан кездесудің ерекше сипатын атап өтті. «Мүдделер теңдігі, прагматизм және кезеңділік қағидаттарына негізделген интеграциялық бірлестік біздің мемлекеттерімізді және экономикаларымызды әлемдік дағдарыстың күрделі жағдайында нығайтуға қабілетті екеніне сенімдімін. ЕАЭО жұмысы түбегейлі басталғалы бері біздің қатарымыз Армения және Қырғызстанның қосылуы арқылы толықты. Бірлескен ынтымақтастық болашақта елдеріміздің байланысын нығайтып, Еуразиялық одақтың дамуына тың серпін берері анық», - деді Н.Ә.Назарбаев.

Отырыс қорытындысы бойынша ЕАЭО-ға Қырғызстанның қосылуымен байланысты бірқатар құжаттарға қол қойылды.

*****

Сол күні Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласына Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысу үшін келген Египет Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен және Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чыонг Тан Шангпен екіжақты кездесулер өткізді.

*****

Мемлекет басшысы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Премьер-министрі Д.Кэмеронға Консервативтік партияның парламенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

«Бұл жеңіс Ұлыбритания халқының Сіздің саясатыңызға білдірген айқын қолдауының көрсеткіші екені анық. Сіздің Премьер-министр лауазымындағы қызметіңіз еліңіздің өркендеуіне және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі дамуына септігін тигізетініне сенімдімін», - делінген жеделхатта.

 

2017 жыл: Мемлекет басшысы Франция Республикасының Президенті Э.Макронға оның осы лауазымға сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

 

Мәлімет пен фото Akorda.kz сайтынан алынды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға