Жаңалықтар

Тырнақ пен шаш бояу, әжімді кетіру: Сұлулықтың құны қандай?

Тырнақ пен шаш бояу, әжімді кетіру: Сұлулықтың құны қандай?
Фото: © iStock 12.12.2023 18:27 2467

Қазір beauty индустрияның ауқымы кеңейіп, әдемі әрі жас көрінудің небір құпиялары ашылып жатыр. Дегенмен, тырнақтан бастап, шаш бояуына дейін қолданылатын өнімдердің құрамына көпшілік мән бермей жатады. Беттегі әжімді тегістеп беретін процедуралар да адамның денсаулығына теріс әсер беретінін бірі білсе, бірі білмейді.

Тырнақтағы гель лактың зияны

Тырнақты гель лакпен бояп, оны ультракүлгін шам арқылы кептіру соңғыбес жылдықта трендке айналды. Ультракүлгін тырнаққа, тырнақ терісіне және қол терісіне зиян келтіреді. Сондықтан көптеген кәсіби салондар ультракүлгін сәулесі бар шамнан бас тартып жатады. Ал гельдің өзі тырнақ терісіне ауа кіргізбей тұратындықтан 2 апта сайын ауыстырған абзал.  Гель лакты кетіру кезінде тырнақтың ішкі бөлігіне әртүрлі инфекциялардың түсуі әбден мүмкін. Қазақстандық дәрігер Злата Паручикова гель лакты шектен тыс қолдану қатерлі ісік ауруына шалдықтыруы мүмкін екенін айтады. Тіпті, жүкті әйелдерге қолданбауға кеңес береді.

Әйелдер жақсы көретін гель-лак түрлі ауру тудырады. Оның ішінде тырнақ саңырауқұлағы, меланома яғни қатерлі ісік бар. Мұның барлығы тырнаққа ауа жетпегенде пайда болады. Яғни үздіксіз боялған тырнақтарда осындай аурулар пайда болады, - дейді лор дәрігер Злата Паручикова.

Шаш бояуының зияны

Бүгінгі таңда ақ шашын жасыру үшін бояйтындарды сән үшін бояйтын адамдар басып озды десек болады. Айына кемі екі рет бояйтын жандар да жетерлік. Өнер иелерінің апта сайын шашының түсін өзгертенінін де көріп жүрміз. Шаш бояу процесінің зияны жоқ болып көрінгенімен жылдар бойы үздіксіз бояудың соңы айықпас дертке шалдықтыруы әбден мүмкін. Бұл туралы ғалымдар да зерттеу жүргізген. Лондон университетінің зерттеушілері бірнеше жыл зерттеп, бауырдың қабынуына алкогольді ішімдіктер ғана зиянды емес, шашқа арналған бояулар да бауырдың зақымдануына себепкер болатынын анықтады. Зерттеуге шашын жиі бояп тұратын 7 000-ға жуық адам қатысқан. Олар арнайы сауалнама сұрақтарына жауап беріп, мазалап жүрген дерттері туралы айта кеткен. Көпшілігі бауырдың қабыну дертінен сырқаттанып жүргендіктерін мәлімдеген. Аталған зерттеу нәтижесі көрсеткендей, шаш бояуларын пайдаланатын қыз-келіншектердің 50 пайызынан көбі бауыр ауруларына шалдығатындығы дәлелденді. Бұдан бөлек шашын жиі бояйтын адамдар гипертиреоз (қалқанша без гармонының әдеттегіге қарағанда көп бөле бастауы), целакия (асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруы) дерттерінен көп зардап шегетіні анықталды.

Ботокс

Ботулотоксин - бұлшықеттердегі жүйке сигналдарын уақытша блоктайтын, олардың салдануына әкелетін дәрі. Ол әжімдерді азайту және мигрень және гипергидроз (шамадан тыс терлеу) сияқты әртүрлі медициналық жағдайларды емдеу үшін кеңінен қолданылады. Алайда, кез-келген медициналық процедура сияқты, ботокстың да қауіптері мен жанама әсерлері болуы мүмкін. Кейбір адамдарда ботоксқа аллергиялық реакция болады. Ол қышу, қызару, ісіну және тіпті анафилактикалық шок түрінде көрінуі мүмкін. Ботоксты дұрыс қолданбау бұлшықеттердің біркелкі болмауына, яғни, бет асимметриясы сияқты жағымсыз нәтижелерді тудыруы мүмкін. Сирек жағдайларда ботокс тыныс алу немесе жұту проблемаларын тудыруы мүмкін, әсіресе мойынға немесе тамаққа қолданғанда.

Блефаропластика

Бұл қабақтың пішінін немесе көздің пішінін өзгерту үшін жасалатын операция. Артық май тіндері мен теріні алып тастайды. Көбінесе 45-55 жас аралығындағы адамдар блефаропластика жасатып жатады. Операциядан соң қандай асқынулар барын айтайық: жедел жұқпалы аурулар, артериялық гипертензия, созылмалы аурулардың өршуі, онкология, көздің зақымдануы сияқты өз қаупі бар. Блефаропластиканы кімдерге жасауға болмайды: қан аурулары, жүктілік, лактация, қант диабеті, жоғары қысым, кез-келген қабыну аурулары (соның ішінде көздің шырышты қабаттары, қабақтың жұмсақ тіндері), гипотиреоз және гипертиреоз, бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі, кез-келген органның қатерлі ісігі болуы мүмкін.

Татуировка

Татурировканың құрамында денатурат (спирт түрі), метил спирті, этиленгликоль, альдегидтер сынды зиянды заттар болады. Суретті инемен шаншу арқылы салатындықтан, бұдан теріге қатты зақым келеді. Сурет салынған жердегі тері өз қызметін атқармай қалуы да мүмкін. Бұл әртүрлі тері ауруларының туындауына себепші болады. Ғалымдар денеге сурет салуға қолданылатын бояулар қатерлі ісікке шалдықтыратынын зерттеген. Сондай-ақ бояу құрамында кездесетін токсиндердің көкбауыр мен бүйрекке теріс әсер ететіні анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға