Жаңалықтар

«Елімайдан» кеткен Самат Смақовқа жұмыс елордадан табылды

«Елімайдан» кеткен Самат Смақовқа жұмыс елордадан табылды
Фото: «Астана» ФК баспасөз қызметі 12.12.2023 18:00 1019

Елордалық клубтың техникалық директоры қызметіне қазақстандық маман Самат Смақов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Самат Смақов аяқдопшы ретінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, танымалдыққа ие болды, кейін «Ақтөбе» футбол клубында бас директор қызметін атқарып, «Елімай» командасын бас бапкері ретінде премьер-лигаға шығарды.

Клуб басшылығы Самат Қабирұлының футбол саласындағы кәсіби мол тәжірибесінің арқасында алдағы уақытта «Астана» футбол клубының техникалық бағыттағы жұмыстары тек оң шешімін тауып, дами түседі деп сенім білдіреді, - делінген «Астананың» баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Техникалық директордың міндеттеріне спорт бөлімінің қызметін техникалық тұрғыда қамтамасыз ету, оның ішінде футбол академиясының құрылысы мен табысты жұмыс істеуі жатады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға