Жаңалықтар

«Тау шыңына өрмелеу биік мақсаттар қоюға үйретеді»

Альпинизмнің пайдасы қандай?
«Тау шыңына өрмелеу биік мақсаттар қоюға үйретеді»
11.09.2020 17:09 8370

Спорт – денсаулық кепілі. Бүгінде салауатты өмір салтын ұстанатын адам спорттың кез келген түрімен айналыса алады. Солардың ішінде табиғи немесе жасанды тау жынысына өрмелеу белсенді демалыстың ерекше әдісі болып саналады. Денсаулыққа пайдалы бұл дене шынықтыру тәсілі альпинизмнің жеке бір түрі ретінде дамыды. Сөйтіп, бүгінде спорттың жеке түріне айналды. Тау шыңына өрмелеу – физикалық дене күшін қажет ететін, адамға өз денесіне иелік етуді үйрететін және кеңістіктегі ақыл-ойын дамытатын қызықты спорт түрі. Жаттыққан сайын қол мен саусақтар, аяқтар, арқаңыз қатайып, барлық дене бұлшық еттері дамиды.

Тау шыңына өрмелеудің шығу тарихы...

Тау шыңына өрмелеудегі басты мақсат - табиғи не жасанды тау шыңын бағындыру. Оның ең алғаш қашан, қалай пайда болғандығы туралы дерек жоқ. Дегенмен, көпшілікке өз қабілеттіліктерін көрсету үшін, яғни белсенді демалыс тәсілі мен жеке спорт түрі ретінде XIX ғасырда таулы аймақтарда көрініс тапты. XX ғасырға дейін тек альпинизмнің бір түрі ретінде саналып, елуінші жылдары ғана жеке спорт түрі ретінде қабылданды. Тау шыңына өрмелеудің альминизмнен айырмасы: нақты мақсаты, ережесі, шектеулі уақыты, әдіс-тәсілі, арнайы құрал-жабдықтары бар.

climbing-1761387_1920.jpg

Түрлері мен әдісі

Спорттық тау шыңына өрмелеудің негізгі үш түрі бар.

1)Қиындығына қарай өрмелеу – басқаларынан бұрын пайда болған түрі. Мұнда тау жартасы болдерингтегідей, бірақ ұстайтын жерлері жеңілірек, есесіне ұзындығы мен биіктігі жоғары. Жарыстың басты мақсаты – 4-15 минут аралығында мәреге жету. Қиындықты бағындыруда сақтандырудың екі түрі бар: «үстіңгі» және «астыңғы».

2)Жылдамдыққа өрмелеу – арнайы сақтандыру шаралары жасалған, жасанды тауды бағындыруды көздейтін түрі. Басты мақсат – биіктікті жылдам бағындыру. Арқан спортшының арқасына бекітіліп, ол жартасты жылдам, тіпті жүгіріп бағындыруға тырысады.

3)Болдеринг – тауға өрмелеудің бір түрі. Онша биік емес, 5-7 метр шамасында, бірақ күрделі жартасқа шығуды көздейді. Спортшы құлаған жағдайда немесе мәреден төмен түсу үшін жерге қалың төсеніш төселеді.

Маман пікірі қандай?

Альпинизм – биік тауларға шығу. Әдетте бұл терминнің мағынасын осылай түсіндіріледі. Бірақ мұндай тұжырымдау алуан түрлі әлеуметтік құбылыстың толық бейнесін бере алмайды. Тау шыңына жету бұл – биік тауларға өрмелеп, оларды еңсеру адамның алдына қойған мақсаттарының бірі.

Кавказ, КБ, эльбрус.jpg

(Суретте: Сергей Беляков)

Тау шыңына өрмелеу – ептілікті, дене қозғалысының үйлесімділігін қажет ететін өте қызық спорт түрі. «Ол біз ойлағандай аса қатты қиын емес. Тау шыңына өрмелегенде тек қолдың ғана емес, аяқтың да күшін тиімді пайдаланған абзал. Тау шыңына өрмелеу жастарды биіктерді бағындыруға, қиындықтардан тайсалмай, әрдайым жеңімпаз бола білуге үйретеді» дейді альпинизм және құзға өрмелеуден мемлекеттік жаттықтырушы Сергей Беляков.

– «Неліктен адамдар тауға шығады?» деген сауалға түрліше жауап беруге болады. Олардың қатарында қиындықтарды ұжым болып жеңу, табиғатпен белсенді қарым-қатынасқа ұмтылу,салауатты демалыс, жаңа тәжірибе мен білім іздеу және т.б. жатады. Альпинизм ұғымын адамға биік тауларда сәтті әрі қауіпсіз өмір сүруге және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін білім, білік және дағдылар жүйесі ретінде қарау дұрысырақ сияқты...

Жалпы альпинизм спорттық жүйенің бір бөлігі болып табылады. Альпинизмнің сауықтыру аспектісі яғни барлық таулы «стадиондар» аулада орналасқан. Жаяу серуендеу және альпинизмге қатысу жан-жақты білім мен физикалық дайындықты қажет етеді. Сергей Беляковтың айтуынша альпинизм бойынша жарыстарда республикалық және халықаралық чемпионаттарда бақ сынап, алтын медальдарды жеңіп алуға да болады. Денсаулыққа, үйлесімді физикалық дамуға және спорттық беделге қоса, тауға шығу адамның мінез-құлқының жақсы қасиеттерін ашуға көмектеседі.

пик Ленина (7134м).jpg

– Көбіне альпинизмге белсенді өмір сүру дағдысына жақын адамдар келеді. Тауларда саяхаттау өмірге деген белсенділікті нығайтуға септігін тигізеді. Альпинизм стандартты және стандартты емес жағдайларды талдауға, түрлі жағдайлардағы адамның орны мен рөлін анықтауға тәрбиелейді. Альпинистердің кез келген тобы (команда, отряд) өзгермелі жағдайда – адамдардың көңіл-күйінде де, қоршаған орта табиғатында да жұмыс істейді. Мұндай өмір кез-келген жағдайда ақылға қонымды және нақты әрекет ету қабілетін дамытады. Бұл жеке тұлғаның тауға шығу кезінде ғана емес, өзі үшін де, қоғам үшін де қажет. Альпинизм адамды табандылыққа, мақсат-мүддесі үшін ең ауыр жағдайда да әрекет етуге бейімдейді.

Альпинистің маңызды қасиеттерінің бірі – жан-жақты болуға деген құштарлық пен қабілет.

– Кез-келген жоспарланған өрлеу қатысушылардың білімі мен дағдыларына сәйкес келуі керек. Бірақ та тек әрбір жеке қатысушы ғана емес, алдағыға да дайын болуы қажет. Бір айта кетерлігі, өте жақсы дайындалған спортшылар әрқашан жұмыс істеуге мықты топты құра бермейді. Өйткені бұған психологиялық климат, ұжымдық шешім қабылдау мүмкіндігі биікке өрмелеудің шарттары мен күрделілігіне де сәйкес келуі қажет. Осы жағдайда ғана нақты қауіпсіздік қамтамасыз етіледі және қатысушылар лайықты «дивидендтер» яғни көтерілуден моральдық тұрғыдан қанағаттану алады. Ал оқу процесі кезекті дайындық кезеңінің соңында қатысушының білім мен біліктілік алып шығуына орай құрылады.

Байқағанымыздай, альпинизмнен үлкен жетістіктерді бағындыру үздіксіз еңбекті және белгілі бір дарындылықты қажет етеді. Маманның айтуынша алпинизммен айналысуды арнайы спорттық альпинистік базаға барудан бастауға болады. «Альпиниадаға оны өткізетін ұйым арқылы кіруге болады. Бірақ бірінші альпсекциялардың мүшелеріне немесе альпі клубтарына артықшылық берілетінін ұмытпаған абзал», - дейді Сергей Беляков. Негізінен мамандар белгіленген арнайы бағдарлама бойынша оқытатын альпинизм секцияларына жазылуға кеңес береді. Дайындықты жылдың кез келген мезгілінде бастауға болады. Бұған қатысуды он алты жастан бастаған дұрыс деп отыр альпинизм және құзға өрмелеуден мемлекеттік жаттықтырушы.

– Альпинизм қоғамға қажет. Сондықтан елде осыған қызығушылық танытқандарды яғни альпинизмге дайындайтын бірыңғай жүйесі құрылған. Бірыңғай оқу бағдарламасы тиісті нормативтік-ақпараттық құжаттармен бірге біліктілік деңгейіндегі альпинистердің жүйелік теориялық, физикалық, тактико-техникалық, психологиялық дайындығын қамтамасыз етеді. Жалпы әр спорт түрінің өзіне тән ерекшеліктер бар. Олардың ішінде осы альпинизмге тоқтала кетсек... Алпинист шыңға өрмелеу кезінде яғни бастапқыда басқа команданың жекелеген қарсыласымен емес, табиғи кедергілер мен құбылыстар жиынтығы (биіктік, рельеф, ауа-райы және т.б.) бетпе-бет келеді. Альпинист бұл кедергілерді алдын-ала болжай алады. Олардың альпинистік ортаға әсерін бағалайды. Бірақ та оларға ешқандай әсер етпейді.

Бір айта кетерлігі, спорттың осы түрінен өтетін жарыстарға қазылық ету өте қиынға соғады. Өйткені «өрмелеу жолдарының ұзақтығына және метеорологиялық жағдайға байланысты спортшылардың іс-әрекеттерін тіпті оптикалық құрылғылардың көмегімен үздіксіз әрі дұрыс бақылау оңай іс емес. Альпинистер әрқашан жоғары биіктікте жұмыс істейді. Ал бұл тіршілік ету ортасының метеорологиялық параметрлері жазықтықтан айтарлықтай ерекшеленеді. Оның жұмыс қабілетін төмендетеді, психологиялық тепе-теңдікті бұзады сондай-ақ ерекше бейімделуді талап етеді.

– Тауға өрмелеу кезінде альпинистер тобы сырттан ешқандай көмекті ала алмайды. Тіпті ойын не жарыс барысында олардың жаттықтырушылары тарапынан да көрсетілмейді. Өйткені ол да осы топтың тең құқылы мүшесі. Ал жаттықтырушысы өзге орыннан радиобайланыс арқылы айтқан кеңестері әрдайым сол жағдайға сәйкес келе бермейді.

ice-climbing-3079329_1920.jpg

Осы спорт түрімен айналысатындардың біліктілігін бағалау жүйесі де ерекше. Альпинизмге байланысты қолданыстағы және болашақ разрядтық нормалар негізі жеке тәжірибені жинақтаудың дұрыс принципі болып табылады. Бірақ та спорттық разрядқа оқу-жаттығу, оқу-спорттық және спорттық биікке өрмелеу және т.б. жатады. Яғни тиісті стандарт дәрежесіне сәйкес болуы қажет. Сондықтан кез келген спортшының жаттығуда көрсеткен нәтижесі автоматты түрде оған спорттық санатында есептеледі. Альпинизмде мұндай разрядтық нормаларды орындау нұсқаушының басшылығымен болмаса өзінің жасағаны қосымша білім мен тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.  

Сондықтан альпинистердің үнемі бір орында тұрмай, үздіксіз даму үстінде болу үшін және спорттық өсудің келесі кезеңдеріне дайындығын анықтайтын біліктілігіне аса мән беріледі. Кез келген спорттық жарыстағы спортшының көрсеткен нәтижесі жарыстың ажырамас атрибуты болып табылады. Ал альпинизмде бұл элемент мүлдем жоқ екен.

Ілгеріде айтылған ерекшеліктерден басқа альпинизм маусымдық шаралар мен жарыстармен сипатталады. Альпинистердің көпшілігі тегіс жерлерде тұрады. Тауларға өрмелеу уақыты яғни биік шыңдарға тікелей көтерілу жаттығулары әдетте альпілік базада болу кезеңімен шектеледі (14-20 күн) және тек кейбір жағдайларда (шалғай таулы аймақтарға экспедициялар) қатарынан бір-екі айға жалғасады. Бір айта кетерлігі, альпинизмнің өзіндік ерекшеліктері арасында моральдық-ерік-жігер сынды жаттығу түрі де бар.

– Онда әзірше арнайы әзірлемелер жоқ. Оқу жоспарларында оған аз орын бөлінген. Дегенмен альпинизмде қабылданған оқыту және аттестаттау жүйесі дайындықтың осы түрінің тұрақты өсуін немесе дайындық деңгейінің жеткіліксіз деңгейіндегі қатысушыларды алып тастауды тиімді қамтамасыз етеді. Альпинизмде оқу-спорттық базалардағы барлық жаттықтыру жұмыстарын тауға бару үшін өздерінің еңбек демалысын пайдалана отырып қоғамдық нұсқаушылар жүргізеді. Аталған ерекшеліктерді альпинизмде қолдану үшін басқа спорт түрлерінің тәжірибесін тартуды едәуір қиындатады. Әлбетте, альпинистің таудағы өмір сүру жағдайлары жеңілдігімен де, физикалық жайлылығымен де ерекшеленбейтінін атап өткен жөн. Сонымен қатар, альпинимздегі адами қарым-қатынастың яғни сенімділік пен мейірімділік көптеген басқа спорт түрлеріне қарағанда жоғары болуы мүмкін. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста психологиялық мәдениет пен мейірімділікті тәрбиелеу кеңестік альпинизмнің маңызды міндеттерінің бірі. Сондай-ақ таулардың әдемі және керемет табиғатымен өзара әрекеттесудегі маңызды физикалық және психологиялық кедергілерді ұжымдық жеңу патриоттық және моральдық дүниетанымды арттыруға септігін тигізеді.

Альпинизмнің әлеуметтік маңызы альпинистік іс-әрекеттің біздің қоғамның міндеттеріне сәйкес келуімен анықталады. Мұнда бірінші кезекте – жеке тұлғаны тәрбиелеу. Яғни жан-жақты дамыған әрі жан-жақты дайындалған адамдарды, қолынан барлығы келе алатын яғни «бесаспап» адамдарды тәрбиелеуге, оқытуға, дайындауға көшу.

– Тәрбиенің компоненттері белгілі: патриоттық дүниетанымды қалыптастыру, білім берумен үйлесімде ақыл-ой, физикалық, адамгершілік, еңбек, эстетикалық үйлесімде тәрбиелеу. Бұл бөліктер альпинизмдегі адам іс-әрекетінің бір түрі ретінде жеке тұлғаны тәрбиелеудің барлық аспектілерімен өте тығыз байланысты болып келеді. Альпинизмдегі дайындық жүйесі алынған білім мен дағдылар тау мен жазықтағы тәжірибелік іс-әрекетте толығымен қолданылатындай етіп құрылған. Оқу процесінде тау табиғаты – флора, фауна, ауа-райы туралы оқытуға ерекше мән беріледі. Тау табиғатын білу процесі альпинистің жасына және біліктілігіне қарамастан бүкіл саналы өміріне дейін созылады. Дайындық барысында адамның зейіні мен есте сақтау қабілеті дамиды. Оның жолдастарының ойлау деңгейі туралы ойы нақтыланады.

Мамандар дене тәрбиесі, тау шыңына дайындық және оларға қатысу дененің үйлесімді дамуына ықпал ететіндігін айтады. Қолданбалы және спорттық дағдыларды қалыптастырады. Адам моторикасының жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Физикалық белсенділіктің ұзақтығы адамды төзімділікке, сабырлылыққа тәрбиелейді. Бұл спорт түріндегі тұлғааралық қатынастар тауға өрмелеушілердің спорттық этикасын іс жүзінде анықтайды екен. Ең алдымен ұжымдастыру бағытында дамып, өзінің «өзін» команда мүдделеріне бағындыру қабілетін арттырады. Бірақ та альпинизм жеке тұлғаның даралығын жоймайды. Жаңадан бастаушылар, нұсқаушылар, халықаралық деңгейдегі шеберлердің барлығы өздерінің артықшылықтар мен кемшіліктері бар қарапайым адамдар екенін айтады мамандар.

Оқу және спорттық дайындық процесінде, таудағы қарым-қатынаста мейірімділік, табандылық, жинақылы, мақсаттылық, батылдық, белсенділік сияқты қасиеттер біртіндеп арта бастайды. Ал адам өзінің жақсы қасиеттерін ұжым мүдделеріне пайдаланудың орындылығын соғұрлым айқын түсіне бастайды екен. Альпинистік топтар мен командалардағы тұлғааралық қарым-қатынастың ашықтығы мен сенімділігі адамдарды түсіну қабілетіне ықпалын тигізеді. Нұсқаушылар үшін бұл шеберлік кәсіби қажеттілікке айналады.

– Альпинист жүктерді тасымалдау, тау өзендерінен өтуге, бивак ұйымдастыруға, қажетті құрал-жабдықтарды жөндеуге (қажет болған жағдайда оларды құрастыруға) өзінің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, медициналық көмек көрсетуге сынды және тағы басқаларға ие болуы керек. Бірақ бұларды оған қарапайым қалалық өмір жағдайында жасаудың қажеті жоқ. Альпинизмде еңбек тәрбиесі бойынша арнайы сабақтар қажет емес. Өзінің ерекшеліктеріне байланысты альпинизм техникалық ойлауды дамытады және еңбекке, кез келген уақытта психологиялық дайындықта болуға тәрбиелейді.

Сергей Беляков әлемде табиғаттың өзінен және онымен қарым-қатынаста болудан әдемі ештеңе жоқтығын айтады. Биік таулы ландшафттың алуан түрлі формалары мен түрлі-түрлі түстері, табиғи процесстер мен құбылыстардың көп қырлы және керемет болуы адамға ерекше бір ұмтылыс пен жақсы әсерлер сыйлайды.

climbing-2240157_1920.jpg

Альпинизмде қиын таулы жағдайларда адамның іс-әрекетінің сәттілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тактикалық және техникалық әдістер мен құралдар кешені жасалған. Білім, біліктілік және техникалық құралдардың бұл кешені стандартты емес жағдайларда және биіктікте өмір сүру дағдыларымен бірге қолданбалы альпинизмнің негізін құрап отыр. Биіктікке өрмелеуді қамтамасыз ету қазір биік тауларда ғана емес, орта деңгейлі тауларда немесе тіпті жазықтарда, тік беткейлерде жұмыс істеуді қажет ететін бірқатар арнайы жұмыстарда қолданылады.

Альпинистер алған білімі мен тәжірибе әскерилердің таулы дайындығының негізінде жатыр. Алпинистерді бастапқы даярлаудың әдістері мен бағдарламалары мұнда өзгеріссіз жұмыс істейді.

– Ғылыми-техникалық негізге әрі спорттық альпинизмнің жетістіктеріне сүйене отырып, қолданбалы альпинизм кәсібилікке ие болып келеді. Оның әмбебаптығы ең биік үстірттен шыңдарға дейін қолдану аясын кеңейтуге ықпал етеді. Адамға нақты бір пайдасын әкелетін қолданбалы альпинизм тау саяхаттарының теориялық насихатын тәжірибемен толықтырады. Бұл өз кезегінде жаппай оқу және спорттық альпинизмнің дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ альпинизм секцияларында, клубтарында, командаларда, альпбазаларда білім алған адамдар қолданбалы альпинизмде қызмет етеді.

Жалпы альпинизм әмбебап мамандарды даярлайды. Спорттың осы түрі адамды кез-келген жұмысты тиянақты орындауға, бастаған ісін соңына жеткізуге үйретеді.

(Суреттер Сергей Беляковтың жекк мұрағатынан және pixabay.com сайтынан алынған)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға